Назарбаев Университетінде «Қаржы және кәсіпкерлік» тақырыбында зерттеушілік симпозиум өтеді

2017 жылы 29 тамыз күні Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде «Қаржы және кәсіпкерлік» тақырыбында зерттеушілік симпозиум өтеді, оған түрлі елдердің оқытушылары мен саясаткерлері қатысатын болады.

Зерттеушілік симпозиум аясында кәсіпкерлік және қаржы саласындағы жетекші ғалымдар, саясаткерлер мен зерттеушілер бас қосады. Симпозиумде қаржы және кәсіпкерлік саласында жаңа зерттеулерді талқылау және оларды Қазақстанның жаңа бизнес ортасына тарту үшін саясаткерлердің, халықаралық оқытушылардың және Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің қатысуымен панельдік отырыстар өтеді.

Нурлан Кусаинов («Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілік басқармасының төрағасы), Магжан Ауезов («ForteBank» АҚ басқарма төрағасы), Агрис Прейманс (Қазақстандағы ЕББР офисінің басшысы), Ато Браун (Қазақстандағы дүниежүзілік банкінің тұрақты өкілі), Йорг Рохол (Менеджмент және технология Еуропалық мектебінің президенті) секілді қазақстандық саясаткерлер, сонымен қатар АҚШ, Дьюк университеті Фукуа бизнес мектебінің оқытушылары және Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің оқытушылары спикер ретінде шығады.

Симпозиумға сайтқа gsb.nu.edu.kz кіріп тіркелуге болады.

Бағдарлама:
9:00 Тіркеу (тегін)
9:15 Сәлемдесу сөзі
9:30 Қаржы бойынша негізгі баяндама және панельдік талқылау
10:30 Үзіліс
11:00 Кәсіпкерлік бойынша негізгі баяндама және панельдік талқылау
12:00 Зерттеулер: Не? Қалай?Қайда?
12:45 Қорытынды сөз
13:00 Түскі ас
14:00 Соңы