Назарбаев Университетінде қалдықтарды бөлек жинау жүйесін іске қосудың салтанатты рәсімі өтті

2013 жылғы 6 қарашада Назарбаев Университетінде  «Қалдықтарды бөлек жина – Қазақстанның табиғатын сақтайық!» акциясы өтті. Акция «Қазақстан  Республикасында қалдықтарды бөлек жинау жұмысын енгізу туралы қоғамды хабардар ету» жобасының шеңберінде өтті. Жоба Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды, ал жобаның орындаушысы ретінде «Тұрақты дамуға көмек көрсету» орталығы (бұдан әрі – Орталық)  болып табылды. 
 
Акцияның мақсаты –  Назарбаев Университеті базасында қалдықтарды жинау мен жоюдың экологиялық қауіпсіз және экономикалық тұрғыда тиімді жүйесін жасау, «жасыл» экономика саласында инновациялық технологиялар мен озық әлемдік тәжірибені енгізу, сондай-ақ ұдайы өсіп келе жатқан қалдықтардан қаланың тазалығы мен әсемдігін сақтап қалу.  Қалдықтарды бөлек жинау жүйесін барлық жерге енгізу арқылы болашақта  70 % қайталама шикізатты жинап алу жоспарланып отыр.   
 
Акцияның шеңберінде Назарбаев Университетінде қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің салтанатты түрде іске қосылуы өткізілді, нәтижесінде университетте контейнерлердің 4 түрі орнатылды: макулатура (қағаз, картон), пластик қалдықтары (ПЭТ- бөтелкелер, полиэтилен және т.б.), ескі электрондық техника (сынған ұялы телефондар, компьютерлер, ноутбуктер, үтіктер, фен және т.б.), қалдық қоқыс. Бұл контейнерлерді келешекте «Қазақстан Қағазы», «СОЮЗ PLAST» және «ЭКО-ДОМ KZ» қалдықтарды меңгеру бойынша арнайы компаниялары бөлек тасып шығаратын болады. 
 
 «Nazarbayev University Research and Innovation System» мекемесінің жас ғалымы Тастанбеков Диас ұсынған қызықты жаңалықтардың бірі «Ақылды урналар» эко-инновациялық контейнерлері, олар адаммен сөйлеседі. Олардың ерекшелігі – толтырылу датчигі бар урна лақтырылған қоқыс үшін адамға «алғыс білдіреді».  
 
Сонымен қатар «Nazarbayev University Research and Innovation System» Жастар кеңесі Орталықпен бірлесіп Университетте қайталама материалдардан заттарды өндіру бойынша «Garbage-art competition» конкурсын өткізді. Қайта өндірілетін материалдарды қолдану конкурсы студенттер мен қызметкерлерге өздерінің шығармашылық ойларын қайта өңделетін қалдықтарды (пластик, қағаз, картон, электрондық қалдықтар және т.б.) пайдалану саласында іске асыруға мүмкіндік берді. Конкурсқа қатысушылар жеке түрде, сондай-ақ топпен бірлесіп, 5 адамға дейін команда құрып жұмыс істей алды. Конкурстың мақсаты Университеттің студенттері мен қызметкерлері арасында қалдықтарды бөлек жинау (қайта өңдеу) процесіне көмек көрсету болып табылды. Конкурстың қорытындылары акция өткізілген жерде жинақталды. Келешекте конкурста қайта өңделген қалдықтардан жасалған заттардан аукцион өткізу жоспарлануда. Аукционнан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалатын болады.  
 
Назарбаев Университетінің студенттері мен қызметкерлерінен басқа іс-шараға мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, қайта өңдеу компанияларының, БАҚ өкілдері қатысты. 

 

apkecm.nu.edu.036645