Назарбаев Университетінде озық технологияларға қол жетімділік

Анара Серікбаева Павлодарда туған, Назарбаев Университетінің магистранты. Ол жасуша биологиясын зерттейді, зертханада зерттеулер жүргізеді. Осы күрделі жұмыста оған конфокалды микроскоп көмектеседі. Анараның айтуынша, шетелдік ЖОО-ларда осындай аспаппен жұмыс істеу мүмкіндігі үшін студенттер ақша төлейді. Назарбаев Университетінде заманауи зертханалық техникаға қолжетімділік студенттер үшін тәулігіне 24 сағат бойы тегін. Осының арқасында Анара обырға қарсы препараттармен күрделі ғылыми эксперименттер жасай алды.