Назарбаев Университетінде Орталық Азия бойынша халықаралық конференция өтеді

Назарбаев Университеті биыл Еуропалық қоғамдастықтың Орталық Азия зерттеулері бойынша халықаралық конференциясын (The European Society for Central Asian Studies / ESCAS) өткізетін болды.  Астанада тамыздың 5 мен 7 аралығында өтетін ESCAS конференциясының биылғы тақырыбы – «Кең дала мен егін даласы: көшпенділер мен қалыпты өркениеттің тоғысып дамуы» деп аталады. Аталған іс-шара  Азияның, Еуропа мен Солтүстік Американың 16 елінен  келетін 200 қатысушылардың басын қосатын болады.
«Көшпелі және отырықшылық өркениеттің түрлі деңгейінің тоғысуына негізделген мәдени кеңістік – Орталық Азия туралы әңгіме қозғау үшін біз жоғарыда аталған тақырыпты таңдап алдық.  Біз өз халқымыздың шыққан тарихи тегі туралы айтқанда, тек халықтың этно-мәдени болмысына тоқталамыз – қазақтарды тек көшпенділер ретінде, ал өзбектерді немесе тәжіктерді тек диқандар немесе қала тұрғындары ретінде қабылдаймыз. Біз өзіміз  тарихи қалыптасқан көп мәдениеттілікті қажетті деңгейде бағалай алмай отырмыз. Ал тарихи зерттеулердің нәтижелері қазақтың кең даласында, бүгінгі күні өркендеп және дамып келе жатқан біздің қаламыз орналасқан жерінде, 18-19 ғасырларда түрлі мәдени ортаның бірігіп-таратылғанын, өзара әрекет еткенін, тоғысқанын көрсетеді. Біздің қаламызда казактар мен қазақтар, сарттар мен татарлар  өмір сүрген. 20 ғасырдың басында қазақтар Ақмола тұрғындарының  30 пайызын құраған. Демек сол тарихи кезеңде немесе одан да ерте заманда қандай да бір халыққа нақты бір тұрмыс салтының бейім болғанын дәлелдей алмаймыз.  Тіршілік  әрқашанда алуан түрлі. Сондықтан мәдени байланыс пен өзара алмасу үдерісі ешқашанда тоқтатылмайды», – деді Әлима Бисенова, Назарбаев Университетінің  антропология профессоры, конференцияны ұйымдастырушы комитетінің мүшесі. Конференцияның тақырыбы антропология, өнер мен әдебиет, лингвистика, білім беру, тарих, саясат, әлеуметтану салаларындағы пәндер бойынша 48 сессияны қамтиды, сондай-ақ  «Көпшілік қауымға арналған ғылыми білім», «Орталық Азияның киелі жерлері: ұзақтығы мен өзгеруі», «Кеңес одағынан кейінгі Ресей мен Қазақстандағы көші-қон процестердің дамуы», «Орталық Азия: ортақ тарихтан ортақ болашаққа», «Энергияны тұтынудың пайымдауы мен практикасы» тақырыбында бес дөңгелек үстел өткізілетін болады. 

Биыл конференцияға Қазақстанның 13 университеті мен зерттеу институттарының ғалымдары қатысатын болады. Назарбаев Университетінің профессурасы конференцияның белсенді қатысушысы болып табылады, университет ғалымдары ESCAS-тың тақырыптық сессияларын басқаратын болады, сондай-ақ көші-қон, ұлттық сәйкестік, азаматтық даму, материалдық мәдениет, музыка, қазақ әдебиеті, білім беру, аграрлық дақылдар мен тұрғын халық, аштық жылдары, аймақтағы ислам тарихы, шекара мен егемендік тарихы туралы өз зерттеулерін ұсынатын болады.  

Еуропалық қоғамдастықтың  Орталық Азия зерттеулері  бойынша алғашқы конференциясы 1987 жылы Ұлыбританияда,  Лондонның Шығыстану және африканистика мектебінде өткізілген болатын.  Содан бері аталған іс-шара әлемнің 11 елінде екі жылда бір рет өткізілді.  ESCAS-тың биылғы конференциясы Орталық Азияда, атап айтқанда  Назарбаев Университетінде (Астана, Қазақстан) алғаш рет өткізілмекші. Осының алдындағы конференция 2011 жылы Ұлыбританияның Кембридж Университетінде  өткен болатын.

Назарбаев Университетінің  Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz