Назарбаев Университетінде Open House Day (Ашық есік күні) өтіп жатыр

Сағат 12-де іс-шараның ашылуы рәсімінде Университет президенті Шигео Катсу мен провост Энн Лонсдейл сөз сөйледі. Университетке оқуға түсу бойынша презентацияларды әр сағат сайын Қабылдау департаменті мен Center for preparatory studies (Foundation бағдарламасы) жүргізіп отырады. Сонымен қатар Инженерия мектебі, Ғылым және технологиялар мектебі, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі сияқты факультеттердің презентациялары да бірге өтіп жатты. Студенттік істер департаментінің қызметкерлері мен студенттер кампус бойынша экскурсиялар жүргізеді. Бас ғимараттың атриумында түрлі бейне-материалдар көрсетілді, оның ішіндеУниверситеттің студенттері түсірген музыкалық клип келушілердің назарына ұсынылды. < http://www.youtube.com/watch?v=Jlu7dCyoOTo>.
Бір аптадан кейін осындай Ашық есік күні Алматыда өткізілетін болады. Назарбаев Университеті қазіргі уақытта 2012-2013 оқу жылына талапкерлерге тіркеу жүргізіп жатыр.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090