Назарбаев Университетінде Наурыз мейрамы

29 наурыз күні Назарбаев Университетінде университеттің қонақтары, студенттері мен қызметкерлері үшін жыл сайынғы “Наурыз мейрамы” мерекесі өтті. Биыл алғаш рет мерекелік бағдарлама аясында Назарбаев Университеті Халықаралық студенттерінің жәрмеңкесі, сондай-ақ Қазақстанда тіркелген елшіліктер мен шетелдік өкілдіктердің қолдауымен түрлі елдердің мәдени фестивалі өтті.

Бұдан басқа, қонақтар қазақ этноауылын және қолөнершілердің қызықты мастер-класстарын, Халықаралық студенттер жәрмеңкесін тамашалады, ұлттық кәдесыйлар сатып алуға, мерекелік концерт пен шет елдердің ұлттық мәдениетін көруге, сондай-ақ спорттық жарыстарға, викториналарға, ойындарға және балалар ойын-сауығына қатысуға мүмкіндік алды. Барлық қатысушыларға мерекелік тағамдар ұсынылды.

Мереке құрметіне Назарбаев Университетінде “Hello, Aul”фотокөрмесі ашылды. Көрмені төрт жыл қатарынан волонтерлік негізде Қазақстанның ауылдық аудандарында ағылшын тілін оқытатын университет түлектері ұйымдастырды.

“2016 жылдан бастап Алматы облысынан, Жамбыл облысынан және Оңтүстік Қазақстаннан мыңнан астам ауыл оқушылары ағылшын тілінің бастауыш курстарынан өтті”, – дейді Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің түлегі, “Alpha Academy” білім академиясы” қоғамдық бірлестігінің (Алматы қаласы) жетекшісі Бақнұр Зиябеков.

Айта кету керек, Назарбаев Университетінде әлемнің 55 елінен келген профессорлар жұмыс істейді және жер жаһанның 17 елінің студенттері білім алуда.