Назарбаев Университетінде Наноматериалдар бойынша конференция және Бейорганикалық фосфат материалдары симпозиумы өтеді

Наноматериалдар мен озық энергия сақтау жүйелеріне арналған 6-шы халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясына (INESS-2017) сонымен катар, Бейорганикалық фосфат материалдарына арналған 10-шы халықаралық симпозиумына 2018 (ISIPM-10) Астана қаласының Назарбаев Университетінде 8-10 тамыз аралығында өтеді, оның ұйымдастырушылары: Назарбаев Университеті (NU), National Laboratory Astana (NLA), «Аккумуляторлар институты» ЖШС, Жапон форсорлық химия ассоциациясы және Ла Рошель Университеті.

Бірлескен конференциясының негізгі бағыттары:         

INESS-2018:

  • Энергетикаға арналған инновациялық наноматериалдар
  • Энергия сақтау, өндіру және жинаудың инновациялық жүйелері
  • Электрохимиялық датчиктер мен электроаналитикалық  қосымшаларға арналған материалдар
  • Баламалы озық энергетикалық қосымшаларға арналған материалдар мен технологиялар
  • Катализ және отындық элементтер
  • Батареямен мониторинг және басқару жүргізілетін жүйелер
  • Батарея қауіпсіздігі мен утилизациясы
  • Электротранспорт пен тұрақты энергия сақтау жүйелеріне арналған  аккумуляторлы батареяларды дамыту
  • Материалтану және энергияның түрлену жүйелеріндегі модельдеу құрылғылары
  • Энергия және қоршаған орта

ISIPM-10:

  • Фосфаттардың негізді ғылымы (құрылымдық өңдеу, фосфат және шыны керамика, құрылым және қолдану, апатит және тиісті биоматериалдар, кеңейтілген құрылымдық талдау, қатты күйдегі NMR, спектроскопия, синхротрон сәулелері)
  • Технология және пайдалану (антикоррозиялық және каталитикалық

            қосымшалар, энергияға арналған фосфатты материалдар, конверсия және сақтау)

  • Жоғары технологиялық электроника және оптика (электрондық фосфат материалдар, оптоэлектрондық материалдар
  • Фосфаттардың (минералды үрдістер, технология және жабдықтар мен ядролық қалдықтар) байыту, фосфор қышқылымен тазарту: микроэлементтерді қалпына келтіру (U, Cd және т.б.)
  • Фосфат және жасыл             технологиялар

Мұқият тексерулер мен рецензенттің түсіндірмелеріне сәйкес өзгертулерден кейін конференцияда баяндалған жұмыстар жинақ түрінде импакт-факторы жоғары журналда басып шығарылады.   
Конференцияға әлемнің озық елдерінен келген ғалымдар қатысады және материалтану, нанотехнология, экология, қайта қалпына келетін энергия көздері және энергия сақтау жүйесі саласындағы дамулар мен мәселелер жөнінде өз зерттеулерімен бөліседі.
Бірлескен конференцияның барысы бірнеше телеарналарда, газеттерде және Интернет-сайттарда қамтылады.

Конференция ашық іс-шара болып табылады,  және академия, өнеркәсіп саласындағы мамандар және инвесторлар қатыса алады. Біз бірнеше серіктес компаниялардың және инвесторлардың қатысуын күтеміз.

INESS конференциясы елімізде 2013 жылдан бері өткізіліп келуде (Астана, Алматы қ.). 2018 жылы конференцияға Жапония, Корея, Франция, Қытай, Ресей, Канада, БАӘ, Ұлыбритания, Түркия және Қазақстан мемлекеттерінен келген жетекші ғалымдары мен студенттері қатысады, сонымен қатар материалтану, нанотехнология, экология, қайта қалпына келетін энергия көздері және энергия сақтау жүйесі саласындағы жаңа жетістіктер мен мәселелер жөнінде өз зерттеулерімен бөліседі.

Қосымша ақпаратты www.INESS2018.com  ресми сайтынан ала аласыздар. Алдағы өткен конференция жөніндегі ақпаратты INESS-2016, INESS-2017 сілтемесі бойынша табуға болады.

ТІРКЕЛУ

 Тіркеу жарнасы (шақырылған спикерлерді қоспағанда, конференция барысында авторлармен төленеді):

–     Индустрия қатысушылары үшін 350 АҚШ доллары (2018 жылдың 1 шілдесінен кейін 400 АҚШ доллары)

–     Зерттеушілер мен профессорлар үшін 300 АҚШ доллары (2018 жылдың 1 шілдесінен кейін 350 АҚШ доллары)

–      Қазақстандық қатысушылар үшін 12000 теңге

–      Студенттер үшін 3500 теңге (егер студенттік билет бар болса)

Негізгі күндер

Тезистерді ұсынудың соңғы мерзімі

30 Мамыр , 2018

Мақалаларды берудің соңғы мерзімі

15 Маусым, 2018

Қатысу үшін тезисті  (Тезис үлгісі) 2018 жылдың 30 мамырына дейін abstract.iness-2018@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберу керек.

Сіздермен INESS-2017 конференциясында кездесуді асыға күтеміз!