Назарбаев Университетінде магистрлік бағдарламаларына дайындықтың жаңа оқу бағдарламасы іске қосылды

2017 жылғы 20 қарашада Назарбаев Университетінің Дайындық зерттеулер орталығында NUZYP магистрлік бағдарламаларына дайындықтың жаңа оқу бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарламаның мақсаты – магистратура бағдарламасы бойынша оқу үшін академиялық талаптарға сай келетін, бірақ ағылшын тілін білудің қажетті деңгейін меңгермеген студенттерге көмектесу.

Бағдарламаға қатысуға 120-дан астам адам өтініш берді, бірақ тек 58 талапкер қабылданды. Биылғы жылы бағдарлама 20 қарашада басталды және 2018 жылғы 17 мамырға дейін жалғасады. Болашақта бағдарлама оқу жылы бойы жұмыс істейтін болады.

Бағдарлама бірнеше компоненттерден тұрады. Бағдарламаның негізгі бөлігі – академиялық ағылшын тілі, курстың ұзақтығы – аптасына 16 сағат. Курс академиялық оқу, академиялық жазу және академиялық қарым-қатынас дағдыларынан тұрады. Екінші семестрде жоғарыда аталған курстар қосымша курспен толықтырылады, биылғы жылы техникалық  мамандықтар үшін сызықтық алгебра немесе гуманитарлық мамандықтар үшін немесе әлеуметтік ғылымдарды зерттеу әдістері.

NUZYP бағдарламасы туралы толық ақпарат алу үшін admissions@nu.edu.kz, graduate@nu.edu.kz хабарласыңыз.