Назарбаев Университетінде кез-келген адам стандартталған халықаралық тестті тапсыра алады

Назарбаев Университетінің тестілеу орталығы өз қызметін 2017 жылы бастады. Кез келген адам Назарбаев Университетінде SAT, TOEFL, GRE, GMAT, TOEFL iTP, TOEFL iBT, TOEIC секілді халықаралық стандартталған тесттерін ғана емес, сонымен қатар  IELTS сынама тестін Назарбаев Университетінде тапсыруға толық мүмкіндігі бар.

2017 жылдың қараша айында тестілеу орталығында алғаш рет 150-ден астам үміткер халықаралық SAT тестін тапсырды және осының нітижесінде Қазақстанда тестілеу орталығы SAT тестін өткізу бойыша ең ірі орталық болдып табылды. Сонымен қатар, тестілеу орталығы халықаралық TOEIC тестін өткізу үшін Қазақстандағы алғашқы ресми тестілеу орталығы болды.

Көп ұзамай Назарбаев Университетінің негізінде GMAT, GRE және TOEFL халықаралық компьютерлік тестілеу орталығы, сондай-ақ Қазақстандағы Британдық Кеңесімен серіктестік аясында IELTS тестін өткізу жоспарлануда.

Орталық әріптестерінің қатарына халықаралық тестілеуді әзірлеушілер мен оның жетекшілері болып табылатын ETS, ETS Global, College Board, Pearson VUE тәрізді халықаралық тестілеу ұйымдары қосылды.