Назарбаев Университетінде «КAMAZ Neo» роботтандырылған автомобилін құрастыру жобасы іске қосылды

«Назарбаев Университеті» ДБҰ (Қазақстан), «ВИСТ Групп» АҚ (Ресей, «Цифра» компаниялар тобы) және «КАМАЗ» КАҚ-мен бірлесіп Камаз Neo ершікті тартқыштың негізінде роботтандырылған автомобиль құрастыру бойынша жобаны іске асыруға кірісті. Компьютерлік көру құралы көмегімен автомобиль түрлі нысандарды – адамдарды, жануарларды, жол тосқауылдарын, конустарды танитын болады және өз бетімен осы тосқауылдардың айналып өту жолын ескере отырып, бағытты қайта есептейтін болады. Жүк автомобильдерінің сыныбындағы роботтарды әзірлеу оларды басқа өнеркәсіп салаларында қолдануға мүмкіндік береді.

«Жобаның шеңберінде KAMAZ 5490 Neo шассиі негізінде роботтандырылған автомобиль үшін компьютерлік көру модулі әзірленетін болады, бағдарламалық-аппараттық кешеннің бейімделу жұмысы жүргізілді, сондай-ақ «КАМАЗ шассиі негізінде роботтандырылған автомобиль үшін автоматты жоспарлау және жолдағы кедергілерді ескере отырып, траектория бойынша жүру жүйесі» әзірленді және біріктірілді», деп, VIST Group тарапынан жобаның жетекшісі Артем Федотов түсіндірме жасады.

«Біз «Камаз Neo» жүргізушісі жоқ автомобильді басқару үшін компьютерлік көру модульдерін бейімдеу және жетілдіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бізге қажетті қосымша жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынатын VIST Group мамандарымен бірге біз жобаны орындауға кірістік, яғни бұл софтқа автомобиль траекториясын жоспарлау функциясын енгізу, автомобильді басқару командаларын жасау, кедергілерді анықтау және тану бойынша  жұмыстар», деп, Назарбаев Университеті тарапынан жоба жетекшісі, «National Laboratory Astana» ЖМ-ның аға ғылыми қызметкері Жандос Есенбаев жұмыстың барысымен бөлісті.

Жоба бойынша жұмыстың аяқталуы 2019 жылдың қыркүйегінде жоспарланған.

 

Ескертпе: «КамАЗ» автомобилі «КАМАЗ» КАҚ-тың меншігі болып табылады және 12 ай мерзімге Назарбаев Университетіне уақытша тегін пайдалануға берілді.

 КАМАЗ-5490 – Кама  автомобиль зауыты (КАМАЗ) өндіретін магистралды ершікті тартқыш. 5460 сериясын ауыстыруға және сегментте флагмандық автомобиль жасауға арналған КамАЗ-5490 2011 жылы «КомТранс» көрмесінде таныстырылды. 2001 жылдан бері өндірілген Mercedes-Benz Axor кабинасының сызбалары сатып алынды.  Зауыт модель өндірісін жергілікті деңгейге шығару бойынша іс-шаралар уақыт өте келе өндіріс деңгейін 60%-ға дейін көтеруге мүмкіндік беретіні туралы  мәлімдеді.

 Өндіріс басталған сәтінен бастап зауыт рама мен шассидің кейбір элементтерін өзі шығарады, шиналарды Нижнекамскшинадан сатып алады. Кабинаның сыртқы пластикалық жинағы – бүтіндей ресейлік өндіріс. 2017 жылы P6 сериялы өз қозғалтқыштарын өндіруді 100 пайызға жуық жергілікті компоненттермен аяқтау, ал 2018 жылдан бастап олардың сериялы өндірісін іске қосылған.

Байланыс:
«NURIS» ЖМ Коммуникациялар бөлімі
Жанетта Есекенова
Т: 8 (7172) 70-66-43
Emai: pr.nuris@nu.edu.kz
Сайт: http://nuris.nu.edu.kz/