Назарбаев Университетінде «Институционалдық зерттеулер және олардың білім беру ұйымдарындағы рөлі» тақырыбындағы республикалық семинар өтті

2016 жылғы 3 қазанда Назарбаев Университетінде қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдеріне арналған «Институционалдық зерттеулер және олардың білім беру ұйымдарындағы рөлі» тақырыбындағы республикалық семинар өтті.
Осы семинарды Назарбаев Университеті ҚХЭҚИ университетімен бірлесіп, Назарбаев Университетінің тәжірибесін Қазақстанның жоғары оқу орындарында трансляциялау және ҚХЭҚИ университетінің 25-жылдығын атап өту аясында ұйымдастырды.

ҚХЭҚИ университетінің академиялық сапа және институционалдық зерттеулер бөлімінің директоры, доктор Нүрилә Шаханованың айтуынша: «Институционалдық зерттеулер оқыту сапасын, білім беру инфрақұрылымын және т.с.с. қоса алғанда, білім беру процесінің барлық элементтер жиынтығын зерделейді. Бұл бағыт Назарбаев Университеті мен ҚХЭҚИ университетінде барынша дамыған. Осы семинардың негізгі мақсаты аталған университеттердің тәжірибесін тарату, Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының күштерін біріктіру және осы саладағы біліктілікті арттыру жүйесін құру болып табылады».
Екі жоғары оқу орнының да сарапшылары институционалдық зерттеулердің шығу тегі, олардың академиялық сапаны арттыру және қолданбалы сипаттағы дағдыларды дамытудағы маңыздылығы саласының практикалық тәжірибесімен бөлісті.

«Институционалдық зерттеулер академиялық сапаны арттыруға, атап айтқанда, Болон процесі және Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде сапаға кепілдік берудегі стандарттар мен ұсынымдар (ESG, 2015) түпмәтінінде маңызды үлес қосуы мүмкін. Бұдан басқа, институционалдық зерттеулер академиялық бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту процестерінде пайдаланылады; олар студенттерді академиялық процестерге, бағдарламаларға мерзімдік мониторинг пен шолу жүргізуге тарту мәселелерінде маңызды болып табылады», – деп атап өтті Назарбаев Университетінің академиялық сапаны бақылау жөніндегі басшысы, доктор Дункан Пристли.