Назарбаев Университетінде Халықаралық пікір-сайыс академиясының аясында жарыс өтті

Назарбаев Университеттің «Номад» студенттік дебат клубы арқылы ұйымдастырылған 25 маусым – 2 шілде аралығында Назарбаев Университетінде Халықаралық дебат академиясы (NUDA 2017) өткізіліп жатыр.
Академия ағылшын тілінде өткізілуде, жастарға арналған инклюзивтік білім беру платформасын құруға және шешендік шеберлік, сын тұрғысынан ойлау және әлеуметтік мәселелер дамытуға қоғамдық қызығушылық арттыруға бағытталған шаралар өткізіледі. Академия шеңберінде жүзден аса қатысушылар қамтылған, оның ішінде НУ студенттері, және Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Ұлыбритания, Сербия, Израиль университеттерінің студенттері бар.