Назарбаев Университетінде Халықаралық биомедициналық ғылыми конференциясы өтеді

2020 жылдың 13-15 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында, Назарбаев Университетінде Өмір туралы ғылымдар орталығының 10 жылдығына арналған «Modern perspectives for biomedical sciences: from bench to bedside» атты Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

КОНФЕРЕНЦИЯ МАҚСАТТАРЫ:

Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру туралы, инновациялық медицина, биоинженерия және жасушалық технология,  дербес медицина және ғаламдық денсаулық ғылыми негіздегі өзекті мәселелер мен мүмкіндіктер қарастырылады. Осы жылғы конференцияның басты тақырыбы – биомедицина саласында инновациялық зерттеулер мен ғылыми жаңалықтар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың дамуына бағытталған.    

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ:

  • Биоинженерия және  регенеративті медицина;
  • Сапалы ұзақ өмір сүру;
  • Нейродегенеративті аурулар;
  • Геномдық және дербес медицина;
  • Биоинформатика және жүйелік биология
  • Микробиом және метаболом;
  • Клиникалық зертханалық медицина;
  • Ядролық медицина және медицинадағы радиациялық қауіпсіздік.

“Modern Perspectives for Biomedical Sciences: from Bench to Bedside” атындығы халықаралық мерейтойлық конференция аясында екі семинар өтеді:

«Ядролық медицина және медицинадағы радиациялық қауіпсіздік» атты семинарда диагностикалық және емдік мақсаттағы ядролық медицинаның маңызды аспектілері, оның ішінде медициналық, кәсіптік және көпшілікке әсер ету мәселелері қарастырылады. Семинар бағдарламасына Америка Құрама Штаттарындағы, Еуропа мен Азиядағы радиациялық қауіпсіздік және ядролық медицина саласындағы ғылыми ұйымдардың жетекші ғалымдары қатысады. Штаттарындағы, Еуропа мен Азиядағы радиациялық қауіпсіздік және ядролық медицина саласындағы ғылыми ұйымдардың жетекші ғалымдары қатысады.

Биоинформатика Мектебі (14-15 мамыр, 2020 ж.) Назарбаев Университеті, NLA, Өмір туралы ғылымдар орталығы, Биоинформатика және жүйелік биология зертханасы базасында ұйымдастырылады. Биоинформатика мектебінің әлеуетті қатысушылары (20-дан көп емес) конкурс негізде таңдалады. Биоинформатика мектебіне қатысу тегін. Мектепке қатысу үшін сізден резюме, жарияланымдар тізімін, ынталандыру хат пен еркін түрде гипотезалары бар шағын жобаны дайындап, bsb@nu.edu.kz және ulykbek.kairov@nu.edu.kz электронды поштасына #БиоинформатикаМектебі жазуымен жіберулеріңізді сұраймыз. Тапсырыс берудiң соңғы мерзімі – 15.03.2020. Мектептің үздік қатысушылары Биоинформатика және жүйелік биология зертханасында тегін түрде тағылымдамадан өту туралы сертификат алады және ағымдағы ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысады.

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР:

  • Тіркеу аяқталуы: 10 ақпан 2020 жыл.
  • Өтінім, тезис, баяндама қабылдау: 2020 жылдың 10 ақпанына дейін.

10 ақпаннан кейін түскен материалдарды Ұйымдастырушы комитеті қарастырмайды

Толығырақ ақпаратты мына жерден оқып, көшіріп алуларыңызды сұраймыз және конференция вебсайтына кіруді ұсынамыз