Назарбаев Университетінде Х Халықаралық Ашық қолжетімділік апталығы өтті
2018 жылдың 15 – 21 қазан аралығында Халықаралық Ашық қолжетімділік апталығы шеңберінде Назарбаев Университетінің кітапханасының ұйымдастыруымен семинарлар, дәрістер және воркшоптар өтті.
Лесли Мойо, Висконсин-Мэдисон университетінің кітапханашысы, және Дәмел Мектепбаева, жас ғалым және Назарбаев Университетінің инновацияларды дамыту департаментінің аға менеджері, ашық қолжетімділік туралы дәрістер топтамасын өткізді. «Nomad Debate Club» студенттік клубының «Ашық қолжетімділік: ИЯ ма ЖОК па?» тақырыбында дебат өткізді.
Іс-шара бағдарламасында Висконсин-Мэдисон университетінен шақырылған қонақтың ашық дәрістері, бірегей баяндамалар, пікірталастар сондай-ақ, фильмдер мен талқылаулар болды.
Іс-шараға қатысушылар арасында ҚР Ұлттық кітапханасының, кардиохирургиялық орталық кітапханасының және Назарбаев Университеті қауымдастығының өкілдері болды.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық ашық қолжетімділік апталығы – ашық қолжетімділіктің маңыздылығын және білімді тарату моделі ретінде ашық қолжетімділіктің маңыздылығын қолдау мақсатында өткізілетін жыл сайынғы іс-шара.