Назарбаев Университетінде Француз клубы ашылды

Назарбаев Университетінде Француз клубының ашылуы – бұл Францияның мәдениеті мен дәстүріне терең түрде қарауға, оның бай тарихы мен сан алуан мәдениетін сезініп қана қоймай, Университет қабырғасында күнделікті өмірде тамашалауға мүмкіндік беретін, Total компаниясы мен Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылатын көп қырлы жаңа жоба.
Клубтың аясында дәстүрлі француз тағамы дәмханасының, француз әдебиетінің жинағы, газеттер мен журналдар бар кітапхананың ашылуы, әртүрлі француз музыкасынан тұраты фонотеканы құру, француз кинофильмдерін көрсету жоспарланып отыр. Клубты құрудың негізгі мақсаты – Университет қызметкерлері мен қонақтарын, студенттерін Францияның мәдени дәстүрімен таныстыру және дәріптеу, олардың көңілге жағымды сауық құруын ұйымдастыру.
Осы жобаның аясында екі ел арасындағы өзара қатынастар, Францияның тарихы мен мәдениеті туралы тақырыптық кештер мен дөңгелек үстелдер өткізу, француз киносы классикасын көру және талқылау, әдебиет пен анықтамалық материалдарды оқу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, Қазақстанның елордасына келген Францияның қоғамдық қайраткерлерімен, дипломаттарымен, әртістерімен кездесулер мен әңгімелесулер өткізу, француз тілін үйрену, оның тарихы мен әдебиетін зерделеу үшін оқытушыны тарту күтілуде. Сонымен қатар, осында француз әндерінің концерттері мен караоке ұйымдастырылады, француз классиктерінің драмалық спектакльдері мен миниатюраларының қойылымы жүзеге асырылады.
«Француз клубы» әртүрлі өзекті және күнделікті мәселелерді талқылау орны болады деп күтілуде, көңілге қонымды тыныс-тіршілік келушілерге үздік француз колоритін сезінуге мүмкіндік береді.
Француз және қазақстандық суретшілердің бірлескен көрмесінің шеңберінде М.Ривази-Оффан мен М.Әбілдинаның жүзден аса жұмыстары көрсетілетін болады.
Мартин Ривази – Оффанның портреттері мен пейзаждары пастельмен, акварельмен және майлы бояумен жасалған, Франция, Австралия, Африка, Норвегияда сияқты көптеген елдердегі галереялар мен көркем сурет салондарында көрсетілген. Экспозицияда ню стилінде, сондай-ақ Қазақстанның табиғаты, атап айтқанда, Астана мен елорда маңының көріністері бейнеленген отызға жуық сурет болды.
Қазақстандық жас суретші Маржан Әбілдинаның негізгі шығармашылық бағыты – абстракционизм, ол суретшіге өз ойын білдіруге, эксперимент пен импровизациялауға алуан түрлі мүмкіндіктер береді, суретшінің суреттері аралас техникада орындалған, автордың дүниені сезіну мен философияға толы ой толғауын бейнелейді.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090