Назарбаев Университетінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірінші Президенті профессор Жак Аттили сөз сөйледі

2017 жылы 9-маусымда Назарбаев Университетінде «Positive planet» қорының президенті, негізін қалаушысы және Лондондағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірінші Президенті (1991-1993 ж.) профессор Жак Аттили сөз сөйледі.
«2035 жылығы Әлем: Гипер қақтығыс немесе жаһандық жандану» атты дәрісінде доктор Аттали келесі екі онжылдықта әлемді қалыптастыратын гео-стратегиялық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, технологиялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы негізгі үрдістерді талқылады. Сонымен қатар, елдер, компаниялар мен жеке тұлғалар 2035 жылы әлемде табысқа қол жеткізу үшін осы үрдістерді болжау және/немесе оларға қалай бейімделу туралы түйінді ақпаратты ұсынды.
Дәріс соңында доктор Аттали Назарбаев университетінің құрметті профессоры атағына ие болды. Бұл болмыстың сиректігі соншалық, Университетте жеті жыл ішіде тек үш адам осы атаққа ие болған. Олар: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қытайдың Коммунистік партиясының Бас хатшысы Си Цзиньпинь және Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэ.