Назарбаев Университетінде екінші оқу жылы басталып отыр

Осы жылы 509 қазақстандық Назарбаев Университетінің Дайындық орталығына түсті. 2011-2012 оқұ жылдарына бір орынға 8 үміткер таласқан болатын. Былтырғы жылдай ең үміттенген Инженерия мектебі болып табылды – түскендердің 45% осы факультетте оқуға үміт білдіріп отыр. Келесі орында Ғылымдар мен технологиялар мектебі – 26%, Медициналық мектеп – 15% және Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі – 14%.
Студенттер көпшілігі – 143 адам немесе 28% Астанадан келіп отыр, екінші орында Алматы – 60 (12%), Қарағанды – 54 (10%), Шығыс Қазақстан облысы – 38 (7%) мен Оңтүстік облысы – 35 (7%).
Осымен қоса Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасының түлектері мектептер бойынша бөлінді. Бөліну барысында студенттің таңдаған мамандығы мен мамандырылған пәндері бойынша академиялық үлгерімі есептелді. Сонымен студенттердің көпшілігін Ғылымдар мен технологиялар мектебі қабылдаған болатын – 190 адам. Әлеуметтік және гуманитарлық мектебіне 153 адам көшті, Инженерия мектебіне – 126 адам. Барлығы мектептер бойынша 469 адам бөлінді.
Назарбаев Университетінің мектептері осы семестрде 40 астам жаңа мұғалімдерді қабылдап жатыр, оның бесеуі – қазақстандықтар. Алдында хабарланғандай Назарбаев Университетінде биыл үш мектеп ашылып отыр: Инженерия мектебі, Ғылымдар мен технологиялар мектебі және Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі. Сонымен қоса Назарбаев Университет Foundation дайындық бағадрламасын ұсынып отыр. Студенттердің жоғары оқу орынның ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға мүмкіндігі бар.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090