Назарбаев Университетінде балаларға арналған оқу залы ашылды

Назарбаев университетінің кітапханасында балалар оқу залы ашылды. Енді жұмыс күндері сағат 8:30-дан 21:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер балаларымен бірге кітап оқып, сабақтарына дайындалып, уақыттарын бірге өткізе алады.

Қазір кітапхананың балалар қоры ағылшын, қазақ, орыс, қытай, филиппин және неміс тілдеріндегі 553 кітаптан тұрады. НУ кітапханасы студенттер, оқытушылар мен қызметкерлерді оқыту және зерттеу жұмыстары үшін небары 180 мыңнан астам баспа және электронды ресурстарды, жазылым бойынша 200 мыңнан астам электронды кітаптарды және ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде 50 мыңнан астам электрондық журналдарды ұсынады.

Бұл күндері университетте бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына талапкерлерді онлайн-тіркеу өтуде. Толық ақпаратты apply.nu.edu.kz сайтынан таба аласыз.