Назарбаев Университетінде алғаш рет Регистратор Офисінің конференциясы өтеді

2018 жылдың 11 және 12 қазанында Назарбаев Университеті Регистратор Офисі ұсынылатын сервистік қызметтің сапасын жақсарту, Регистратор Офисінің бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелеріне арналған алғашқы конференция өткізеді.

Конференцияға қатысушылардың арасында Қазақстанның жетпістен астам жоғары оқу орыны, жоғары оқу орындары үшін бағдарламалық қамтамасыз ету ұсынатын компаниялардың (Ellucian, Plagiat.pl, Platonus, Somnium) өкілдері және Висконсин Мэдисон Университетінің (АҚШ) Қауымдастырылған регистраторы бар.

Конференция екі күн бойы әртүрлі бағыттар бойынша пленарлық және тақырыптық сессиялар, дөңгелек үстелдер және пікірталастар жоспарлап отыр: Регистратор Офисіндегі басқару және бизнес-модель, онлайн-кестелерді жасау және жоспарлау, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер: мүмкіндіктері мен тәуекелдері және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Алматыда Назарбаев Университетінің Регистратор Офисі Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетімен бірлесіп бірінші семинар өткізді, оған Қазақстанның 5 облысынан және 40 университетінен 150 адам, оның ішінде жоғары оқу орындарының проректорлары қатысты. Семинардың мақсаты – бұрын олардың алдында тұрған міндеттерді әр қайсысы жеке шешуге мәжбүр болған Офис қызметкерлерінің қарым-қатынас жасауы мен тәжірибе алмасуы үшін бірыңғай алаң жасау.