Назарбаев Университетінде алғашқы “NU Datathon” өтті

Назарбаев Университетінде DataSci клубының студенттері ұйымдастырған алғашқы виртуалды “NU Datathon” өтті. “NU Datathon” – бұл data science көмегімен кейстерді шешу бойынша екі күндік жарыс. Datathon жіктеуді, регрессияны және уақыт аралықтарын қамтитын машиналық оқыту модельдерін құру бойынша кейстерді шешетін 83 команданы жинады. “Nu Datathon” әріптесі телекоммуникациялық технологиялар нарығының ірі ойыншысы – Tele2 / Altel болды.

“Жарыс екі кезеңнен тұрды, екінші кезеңге 12 команда өтті. Қатысушылардың 80% – бакалавриат студенттері. Біздің клубтың мақсаты – студенттердің деректер туралы ғылымға деген қызығушылығын арттыру, осы салада дамығысы келетін студенттер қоғамдастығын құру және олардың кәсіби және жеке өсуіне көмектесу. Дататонға тіркелу статистикасы осы іс – шараға деген жоғары қызығушылықты көрсетеді, бұл біздің клубты жаңа дататондар мен басқа да осындай жарыстарды дайындауға шабыттандырады”, – деп бөлісті DataSci клубының негізін қалаушы, “NU Datathon” ұйымдастырушысы Ақмарал Калманбаева.

Назарбаев Университетінің студенттері үнемі өздерінің alma mater қабырғасында өтетін ірі іс-шаралардың, жарыстардың, конференциялар мен кештердің бастамашысы болады. Олардың бастамалары университет басшылығы тарапынан үлкен қолдау табуда.

“Назарбаев Университеті студенттеріміздің бастамаларын әрдайым белсенді қолдайды және Біз DataSci клубының жігіттері өздерінің алғашқы Datathon – ды Tele2/Altel сияқты ірі компаниямен әріптестікте ұйымдастырғанына өте қуаныштымыз,деп хабарлады Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Қадиша ДАИРОВА.Бұл іс-шара біздің студенттер үшін әріптес компаниядан шақырту алып, өз білімдерін тәжірибеде қолдану үшін тамаша мүмкіндік болды. Біз іс-шара сәтті өтті деп санаймыз.”

Дататонның жеңімпаздары Word2vec және Fit Predict командалары болды.

“Дататон өте көңілді өтті, ұйымдастырушыларға әрқашан байланыста болғаны және қолдағандары үшін рахмет. Теріс нәрсе тіпті ойға да келмейді”,- деп 3 курс студенті Сания Абушакимова өз әсерімен бөлісті.

“Біз Kaggle жарыстарына қатысу – бұл data science – те өз дағдыларыңызды жетілдірудің ең жақсы тәсілі деп ойлаймыз. Біз теорияға және курстардан өтуге көп уақыт жұмсамау керек деп кеңес береміз, практиканы мүмкіндігінше тезірек бастаған дұрыс”, – деп хабарлады дататонға қатысушы, НУ түлегі Ерасыл Оразбек.

Дататон жеңімпаздары жүлде ретінде әрқайсысы 100,000 теңге алды, сонымен қатар ерекше көзге түскен қатысушыларды Tele2/Altel-де ақылы тағылымдамаға шақырады.