Назарбаев университетінде АЭФ 2018 спикерлерімен бірегей кездесулер өтті

2018жылдың 17-18 мамырында “Global Challenges Forum” XI Астана экономикалық форумының спикерлерімен кездесу қатары өтті.

Кампус территориясында студенттер, оқытушылар және қызметкерлерге 16 танымал эксперттер, кәсіпкерлерді көріп, тыңдауға мүмкіндік берілді. Олардың қатарында – Shazam сервисінің негізін қалаушы Крис Бартон, танымал кинорежиссер –  Кшиштоф Занусси, геронтолог және математик – Обри де Грей және тағы басқалар болды.

Ал АЭФ-тің Конгресс Орталығында және Hilton Astana-дағы негізгі іс-шарасына Назарбаев Университетінен спикер және модератор ретінде қатысушылар да болды. НУ профессорлары мен Президентінің экономика, робототехника, биомедицина, технологиялар саласындағы сараптамалық ой-пікірлері елдің дамуы мен Астананың халықаралық инновациялар мен білім орталығы болуына маңызды үлес.

Форумның бірінші күні, Университет Президенті Катсу мырза «UNDERSTANDING KAZAKHSTAN» сессиясының негізгі спикері болып, Назарбаев Университеттің тарихы мен қалыптасуы туралы айтты. Доктор Массимо Пигнателли, медицина бойынша вице-президент және Медицина мектебінің деканы «Жасанды интеллект докторды қалай алмастырады?» презентациясы спикерлерінің бірі болды.

Форумның екінші күні Ғылымдар мен технологиялар мектебінің оқытушылары Майкл Льюис және Атакан Варол «Шығармашылық VS жұмыссыздық. Машиналар әлемінде адам не істеуі керек?» және «Сананы жүктеу және жасанды зерде жаңа реттеушінің этикалық және саяси аспектілері» сессияларының модераторы және спикері болды.

Форумның барлық күндері бойы Назарбаев Университетінің 200-ден астам студенті, NU Volunteers club мүшелері қонақтарға, спикерлерге, қатысушыларға аккредитация, навигациямен көмектесіп, Митио Каку, Эндрю Макафи, Стив Возняк, Крис Бартон сияқты форумның бас спикерлерін алып жүрді.

Еске сала кетейік, Астана экономикалық форумы – Еуразияның жылсайынғы бас іскери іс-шарасы. Форумның 10 жыл бойы жұмысының нәтижесінде оған әлемнің 150 елінен 50 000 делегат келіп қатысты, олардың арасында – 20-дан астам Нобель сыйлығының иегері, әлемнің 30-дан астам жоғарғы дәрежелі саяси қайраткері, сондай ақ – әлемдік дәрежедегі ғалымдар, экономисттер, қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының өкілдері және бизнес-элита.