Назарбаев Университетінде ”ACТАНА БИОТЕХ 2011” тақырыбында II Халықаралық конференция ашылды

Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу өзінің баяндамасымен конференцияны ашты. «Биотехнологиялар табиғи мүмкіндіктер мен генетика жетістіктерін пайдалана отырып, бүкіл әлемге өзінің көмегін көрсетіп отыр: жұқпалы аурулардың көлемі төмендеді, миллиондаған балалардың өмірлері құтқарылды, көптеген ауруларға профилактика жүргізілді», – деді ректор. Осымен қатар осы іс-шараның білім, ғылым және инновациялардың стратегиялық компоненттерін бірге дамытып отырған Назарбаев Университетінің шаңырағында өтуі де мәнді болып табылады.
Ұлттық биотехнология орталығының ақпараты бойынша ТМД мен Еуроодақ елдері, АҚШ және Корея сияқты 12 шетелдік және 36 отандық ғылыми-зерттеу ұйымдарының 300-ге жуық ғалымдары мен сарапшылары аталған іс-шараға қатысып отыр. Назарбаев Университеті атынан конференцияға Өмір туралы ғылымдар орталығы мен Энергетикалық зерттеулер орталығы сияқты екі ғылыми орталықтың басшылары қатысты. Конференция шеңберінде Университетте ұлттық және халықаралық компаниялардың биотехнологиялық әзірлемелері мен жабдықтарының көрмесі өтіп жатыр.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090