Назарбаев Университетінде ABC INCUBATION F2018 екінші бағдарламасының іске қосылуы

ASTANA BUSINESS CAMPUS НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕКІНШІ «ABC INCUBATION» БИЗНЕС-ИНКУБАЦИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫН ҚУАНЫШПЕН ХАБАРЛАЙДЫ.

Бизнес-инкубациялау бағдарламасының мақсаты – жаңа идеяларды, технологиялық әзірлемелерді және инновациялық бизнес жобаларды ерте кезеңде қолдауға негізделеді.

Бағдарламаның ұзақтығы – 17 апта, оның ішінде:

  • технологиялық кәсіпкерлікке оқыту
  • өнімді әзірлеуге қажетті сервистер және инфрақұрылым (коворкингте орын, Прототип жасау орталығы, Сандық прототип жасау зертханасы Fab Lab және мультимедиалық зертхана Digital Creativity Lab сервистері және т.б.)
  • дербес даму жобасы және апталық трекинг
  • табысты кәсіпкерлермен және өз саласындағы кәсіби мамандардан кеңес алу және сараптамалық сессиялар

Бағдарлама барысында ең жақсы жобалар өз стартапын дамытуға қаржылық қолдау және оны халықаралық алаңдарда ұсынуға мүмкіндігін алады! Сонымен қатар, бағдарламаның табысты түлектері бизнесті ары қарай масштабтау және инвестицияларды тарту үшін ABC Quick Start жеделдетілген бағдарламасына қатысу мүмкіндігін алады.

Табысты кәсіпкер болуды армандайсың ба? Құны «миллион» болатын идеяң бар, бірақ неден бастарыңды білмей жүрсің бе? Өз идеяңды дамыту үшін максималды қолдау алғың келе ме? Онда АВС Incubation бағдарламасы СЕН үшін арналған! ABC INCUBATION бағдарламасына қатысыңыз және 4 айда идеяңызды жұмыс істейтін бизнеске айналдыру үшін мүмкіндік аласын.

ABC INCUBATION бағдарламасы қатысушысы бол, сонда біз саған келесі шараларды қысқа мерзімде іске асыруға көмек көрсетеміз:

  • команда құру
  • өздерінің бизнес болжамдарын тексеру
  • бизнестің негіздерін үйрену
  • болашақ өнімнің жұмыс прототипін жасау
  • алғашқы тұтынушылар мен әлеуетті инвесторларға ұсыныстарын әзірлеу

Бағдарламаға жас кәсіпкерлер, студенттер, кәсіпқой мамандар, өнертапқыштар, сондай-ақ инновациялық идеялары мен мәселені шешудің өзіндік жолдары бар тұлғалардың барлығы қатыса алады.  Бағдарлама барлығына ашық және Назарбаев Университеті  негізінде өтеді.

 

2018 ЖЫЛҒЫ 26 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ТІРКЕЛ ЖӘНЕ ABC INCUBATION БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛ!

 

Берілген сілтеме арқылы өтінімді беруге және бағдарламамен танысуға болады: nuris.nu.edu.kz/incubation