Назарбаев Университетінде KazMythFest іс-шарасы өтті.

Назарбаев Университетінде 3 қараша күні, Хэллоуин аптасында NU LOuD студенттік клубы жылдық KazMythFest іс-шарасын өткізді.Таңертеңнен бастап келушілер университетте «қорқынышты» декорацияларды : торға түскен жарқанаттарды, қабірден шыққан зомбиларды, фонтанның үстіндегі торда ілінген үлкен өрмекшіні және көптеген қара және қызғылт сары түсті шарларды көре алды.
Түс кезінде Атриумда кафетерий мен кітапхананың арасында NU LIFT студенттік клубы ұйымдастырған тағамдар жәрмеңкесінде «қорқынышты» тәтті тағамдар мен бәліштердің дәмін татуға мүмкіндік болды. Әрбір адам түрлі ойындарға тартылды, мысалы, ойынға қатысушылар бір-бірін дәретхана қағазына орап, мумия жасады, сондай-ақ музыкалық орындықтар ойынына қатысты. Кез-келген адам ойындармен қатар Art for Charity клубынан грим жасатуға мүмкін алды.
Кешкі сағат 7-де «Шабыт» ұлттық өнер университетінің студенттері ерекше костюмді қойылымымен мерекелік концерттің бағдарламасын ашты, содан кейін Назарбаев Университетінің студенттері сахнаға шықты және Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары би номерін орындады. Нөмірлердің арасында жүргізушілер ең ерекше костюм байқауын өткізді, әлеуметтік желілерде өткен байқаудың қорытындыларын жариялады және жеңімпаздарға Университеттің имидждік өнімдерін тапсырды.