Назарбаев Университетінде 2017 жылы IPMA-дің Мерейтойлық 30-шы Дүниежүзілік Конгресі өткізілетін болады

2016 жылғы 26 мамырда Назарбаев Университетінде Қазақстанда IPMA Конгресін өткізу шартына қол қою рәсімі өтті.

Өздеріңізге мәлім болғандай, IPMA Дүниежүзілік Конгресі бірнеше онжылдықтар ішінде бизнес-кәсіпқойларды, практиктерді, халықаралық компаниялардың менеджерлері мен өкілдерін, үздік ғалымдарды, оқытушыларды, профессорлар мен студенттерді, түрлі секторлар мен мамандық иелерін, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерін біріктіре отырып, жобаларды басқару бойынша алдыңғы қатарлы дүниежүзілік конференция болып табылады. Қазақстанда Мерейтойлық 30-шы Дүниежүзілік Конгресті өткізу құқығын тағайындау Панамада 2015 жылғы қыркүйекте өткен 29-шы Дүниежүзілік Конгресте шешілген болатын.

Конгреске әлемнің 60-тан астам елдерінен келетін 1000-ға жуық шетелдік делегаттардың қатысуы жоспарланып отыр. Жоспарланған жұмыс барысында Қазақстан үшін адам өмірінің түрлі салаларында жобалық менеджментті қолданудың әлемдік озық тәжірибесін алу мен зерделеу, сондай-ақ әлемдік жобалық қоғамдастықта үздік қазақстандық жобаларды ұсынудың бірігей мүмкіндігі туындайды.

Конгресті өткізу барысында жобаларды басқару саласындағы жетекші кадрлар озық практиктердің кәсіптік және академиялық жұмыстары, позициялық құжаттары, таныстырылымдары немесе мәнді тақырыптық зерттеулер (case study), постерлер, оқу материалдары, кітаптар мен бағдарламалық қамтамасыз ету таныстырылымдары, оқу құралдары, дөңгелек үстелдер, арнайы сессиялар мен семинарлар арқылы бірігетін болады.

Дүниежүзілік Конгрестер жобалық басқарудың әлеуеті туралы түсінігі бар қабылдаушы тарап үкіметінің қолдауымен және қатысуымен өткізіледі.

Анықтамалық ақпарат: Жобаларды Басқарудың Халықаралық Қауымдастығы (International Project Management Association, IPMA, Швейцария)

IPMA әлемнің түрлі елдерінде жобалық басқару мәдениетін, технологияларын, әдістері мен құралдарын дамытуға және кеңінен пайдалануға көмек көрсету мақсатында 1965 жылы Швейцарияда коммерциялық емес кәсіптік ұйым ретінде тіркелген.

IPMA мүшелерінің құрамы көбінесе жобаларды басқару жөніндегі ұлттық қауымдастықтардан тұрады. Қазіргі кезде оған әлемнің түрлі елдері мен континенттерінен 60-тан астам ұлттық қауымдастықтар кіреді. Олардың қызметі өз елдерінің ана тіліндегі жобаларды басқару саласында жұмыс істейтін мамандардың кәсіптік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстанда  бұл – Қазақстанның Жобаларды Басқару Қауымдастығы (ҚЖБҚ). Өз кезігінде IPMA халықаралық деңгейде ұлттық қауымдастықтардың кәсіптік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, каб.1115
+7(7172)709357, 706088, 706089, 708954, 706090
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz