Назарбаев Университетін кітапханашыларға арналған семинар-тренинг өткізеді

2018 жылдың 22-23 қаңтарында «Назарбаев Университеті» кітапханасы MediaNet Халықаралық журналистика орталығымен және IREX Europe-пен бірлесіп,  Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының кітапханалар қауымдастығымен «Медиа және ақпараттық сауаттылық» тақырыбында семинар-тренинг өткізеді.

Семинардың мақсаты – кітапханашылардың ақпараттық және бұқаралық ақпарат құралдары туралы сауаттылығы және оның кітапханаларда,  кітапхана пайдаланушылары қауымдастығының ортасындағы хабардарлығын арттыру; БАҚ және интернет қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру; сыни ойлау дағдылары мен медиа-контент талдауын үйреніп, алынған білімдері  мен дағдыларын әріптестерімен бөлісу.

Семинар бағдарламасында  ақпараттық сауаттылық,  ACRL стандарттарының жоғары білім орталықтарына арналған  ақпараттық сауаттылық мәселелері , сондай-ақ виртуалды кеңістіктегі қауіп-қатерлерді болдырмау  құралы – ақпараттық және бұқаралық  ақпарат сауаттылық  бойынша Назарбаев Университеті кітапханасының мамандарымен дәрістер мен белсенді пікірталастар кіреді. Сонымен қатар, семинарға философия ғылымдарының кандидаты, доцент, IREX Europe-тың  медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша тренері  Гүлнар Асанбаева, және factcheck.kz жобасының тренері Алена Кошкина қатысады.

 Естерініңзге сала кетсек, Назарбаев Университетінің Кітапханасы Кітапхана технологиялары мектебі аясында, Қазақстан аймақтарының кітапханалары қызметкерлері үшін тұрақты негізде оқыту семинарлары мен тренингтер өткізеді, семинарлар Назарбаев Университетінің кітапханасы негізінде тәжірибе тарату болып табылады.

Біздің веб-сайтымыздағы алдағы семинарлар мен тренингтер туралы жаңалықтарды қадағалаңыз!