Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебі Мемлекеттік саясат саласындағы (MPP) бағдарламаға құжаттарды онлайн режимінде қабылдауды жүргізіп жатқанын еске салады.

МРР 2-жылдық күндізгі оқұ бағдарламасы мемлекеттік саясат саласында сапалы білім алуға ұмтылатын және кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар мамандарға әзірленді. Мектеп түлектері MPP бағдарламасын бітіргеннен кейін мемлекеттік органдарда, коммерциялық емес ұйымдарда және жекеше секторда жұмыс істей алады. Оқыту World University Rankings QS 2014 рейтингісінде Азия бойынша 1-ші және Дүниежүзінде 22-ші орынға иеленген Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі оқұтышыларының қатысуымен жүзеге асырылады.  

Жыл сайын МРР бағдарламасына 20-30 жуық мемлекеттік грант бөлінеді,  Астанадан басқа қалалардан келген тұрғындарға жатақхана және  үлгерімі жақсы студенттерге 100 мың тенге мөлшерінде айлық стипнедия беріледі.

Құжаттарды 2015 жылғы наурыз айының 31-не дейін http://admissions.nu.edu.kz/wps/portal  порталында тапсыруға болады.

Толықтай ақпаратты біздің сайтта http://gspp.nu.edu.kz, email nugspp@nu.edu.kz және телефондары арқылы +7 7172 709149, 709147 таба аласыздар.