Назарбаев Университеті жетіге толды

Назарбаев Университеті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ел ішінде жоғары білікті кәсіби кадрларды даярлау, сондай-ақ отандық ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерды дамыту мақсатында таңдаулы оқу орны ретінде құрылған. 2010 жылдың күзінде Назарбаев Университеті алғашқы студенттерді қабылдады. 2011 жылдың 15 маусымында университет құқықтық мәртебесін өзгертіп, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы» деп аталатын болды. 2015 жылдың маусымында Назарбаев Университеті алғашқы түлектерін шығарды. 380 бакалавр мен 142 магистрант НУ дипломдарын алды. 2015 жылдың қыркүйегінде Назарбаев Университетінде Медицина Мектебі ашылды. 2015 жылдың 24 желтоқсанында «ҚР білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен ҚР Үкіметі Назарбаев Университетіне дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесін берген болатын.

Қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде 3 782 студент оқиды: университет алдындағы дайындық бағдарламасы – 715 адам, бакалавриат студенттері – 2 323, магистратура – 603, докторантура – 90 студенттері, “медицина Докторы” – 51 адам білім алуда. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту Инженерия мектебінде, Ғылым және технологиялар мектебінде, сондай-ақ Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде жүргізіледі. Назарбаев Университетінің осы Мектептері, сондай-ақ Жоғары бизнес мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Жоғары білім беру мектебі, Медицина мектебі, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі де магистратура бағдарламаларын ұсынады. Докторантура бағдарламасын Инженерия мектебі, Жоғары білім беру мектебі оқытады. Студенттер ай сайын мемлекеттік стипендияны алады және жатақханамен қамтамасыз етіледі. Назарбаев Университетінде 300-дан астам профессор, инструктор және оқытушы білім береді.