Назарбаев Университеті және «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы және «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы НУ мен басқа да астаналық жоғарғы оқу орындарының студенттерін біріктіріп, «Астана» ПКСК клубтарын қолдау әрекеттерін үйлестіретін фан-клубты құруға дайын екендерін мәлімдеді.
«Астана» ПКСК кәсіби клубтарын ұйымдасқан түрде қолдау көпшілік спортты дамытуға, сонымен қатар Астана қаласы ЖОО студенттерінің арасындағы әлеуметтік саясатқа қажет қолайлы жағдай құруға зор үлес қосады.

Ю.Мельниченко салтанатты қол қою рәсімі кезінде: «Бүгін біз үлкен шаруаға бастау беріп, спорттық Астананың барша жанкүйерлерін біріктіретін және де Президенттік клуб үшін өте қуатты қолдау болатын үлкен фан-клубты құрып жатқанымызды ерекше атап өту керек», – деп өз көңілін білдірді.

«Назарбаев Университеті спорт пен дене шынықтыруды дамытуға ерекше назар аударады. Біздің оқушыларымыз әртүрлі спорттық іс-шараларға және спартакиадаларға белсенді түрде қатысып, жоғары жетістіктерге ие болып, оқуды, ғылыми жұмыс пен спортты үйлестіре біледі. Осы меморандумға қол қою спорт пен дене шынықтыру, салауатты  өмір салтын насихаттау мен дәріптеуде едәуір үлес қосатынына күмәніміз жоқ», – деп атап өтті Қ.Даирова.

Назарбаев Университеті студенттері атынан НУ студенттік үкіметінің Президенті Мирас Меңдібаев «Астана» президенттік кәсіби клубымен ынтымақтастықты белсенді түрде дамыту дайындығын білдірді.
Тараптар клубтардың пайымдауын, миссиясы мен әнұранын  даярлау, веб-парақтарды жасау және модерациялауда шығармашылық демеу көрсету, топтық PR іс-шараларды, флеш-мобтарды, би мен ән, түрлі сайыстарды ұйымдастыру мен өткізу («Ең жақсы жанкүйер», «Ең жақсы команда білімпазы» және де басқалар) жөнінде, сонымен қатар командалар мен жанкүйерлер арасындағы достықты нығайтуға бағытталған студенттердің қалалық құрама командалары мен «Астана» ПКСК командалары арасындағы достастық кездесулерді өткізу үшін ынтымақтастықты дамытады.

apkecm.nu.edu.037844