Назарбаев Университеті Жаңа Жібек жолы университеттері Альянсы делегациясымен кездесу өткізді

Жаңа Жібек жолы университеттері Альянсы Ұлы Жібек жолын көктей өтетін елдердің жоғарғы оқу орындарын біріктіреді. Альянс 2015 жылы, Сиань Транспорттық Университетінің (Қытай) ынтасымен, жоғарғы оқу, студенттер алмасу, олардың оқу тәжірибесін, мәдениетаралық байланысын, сонымен қатар бірлескен жобалар мен зерттеулерді дамыту саласында ынтымақтастықты жоғарылату мақсатында құрылған. Қазіргі кезде Альянс құрамына 34 елдің 134 университеті кіреді. Соның ішінде екі Қазақстандық ЖОО: Назарбаев Университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Альянсының Атқарушы Кеңесіне кіреді.

Осы жылы 24 шілде күні, Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізінде Альянс Атқарушы Кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтті. 26 шілде күні Альянс делегациясы Назарбаев Университетіне, оның дамуымен танысу үшін және Альянс шеңберінде ынтымақтастықты талқылау мақсатында бір күндік сапар жасады.

Назарбаев Университетінің басшылығымен кездесу барысында Альянсқа қатысушы Ливерпуль университетінің (Ұлыбритания), Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің (Ресей), Мәскеулік энергетикалық институтының (Ресей), Ұлы Петрдің Санкт- Петербург политехникалық университетінің (Ресей), Гонконг политехникалық университетінің (Гонконг), Бенха университетінің (Египет) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Қазақстан) өкілдері болды.