Назарбаев университеті Вашингтон қаласында (АҚШ) жыл сайынғы халықаралық білім әкімшілерінің қауымдастығы конференциясында сессия өткізді

2018 жылдың 18-21 ақпан аралығында «Тұрақсыз уақыт жағдайында интернационализация қажеттілігі» атты жыл сайынғы халықаралық білім әкімшілерінің қауымдастығы арнайы конференциясы (ХБӘҚ) өтті. Биылғы жылы әлемнің 40 елінен 1000-ға жуық халықаралық бөлім басшылары жоғары білім беруді интернационалдандыру саласындағы қазіргі үрдістерді, өзгерістер мен қиындықтарды талқылау үшін жиналды.

ХБӘҚ 1982 жылы құрылған халықаралық ынтымақтастық саласындағы мамандардың қауымдастығы болып табылады. Ассоциацияның қызметі: интернационалдандыру мен халықаралық білім беруді дамытуға; жоғары оқу орындарында осы үдерістерді тиімді басқару; осы салада одан әрі диалог пен кәсіпқойлықты сақтау, сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту және кәсіби байланыстарды орнатуға бағытталған. Бұл шара бүкіл әлемнің университеттерінен және ұйымдарынан 1000-нан астам қатысушыларды тартты.

Осы конференцияда Назарбаев Университеті екінші жыл қатарынан сессия өткізуде. Биыл әртүрлі елдердің 20-25 қатысушысы қатысқан «Бір белбеу, бір жол: Қытай мен Қазақстан университеттерінің әріптестігі шеңберіндегі одақтар» тақырыбындағы презентацияны халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Алия Каймолдинова мен тәжірибені аудару жөніндегі үйлестіруші Мадина Айтаканова өткізді. Презентация тақырыбы «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында басталған Қытай университеттері мен университеттері арасындағы ынтымақтастық болды. Презентацияда Назарбаев универсиетінің саяси мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін әлеуетті мүмкіндіктер аталып өтті. Құрылыс ынтымақтастығының құрылымына ерекше назар аударылды, оның негізінде Назарбаев Университеті мен Қытай университеттері арасындағы бірлескен жұмыс жүзеге асырылуда. Сессия барысында қатысушылар арасында белсенді пікірталастар туындап оң пікірлер қабылданды.