Назарбаев Университеті ұлттық темір жол компаниясымен меморандумға қол қойды

Назарбаев Университеті және «Қазақстан темір жолы ҰК» АК арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Назарбаев Университетінің Инновациялар жөніндегі Вице-президенті Ерден Құсаин және «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының корпоративтік мәселелер және HR бойынша орынбасары  Серік Әбденов қол қойды.

Меморандум инновациялық және білім беру қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Ұйымдар ынтымақтастық шеңберінде инновациялық жобаларды акселерациялаудың бірлескен бағдарламаларын жүргізуді, сондай-ақ арнайы білім беру іс-шараларын: тренингтер, семинарлар, тағылымдамалар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. НУ-мен ынтымақтастық компанияның жалпы кадр саясатын дамытуға  және теміржолшылардың  кәсіби шеберлігін арттыруға көмектеседі деп санайды ҚТЖ.