Назарбаев Университеті ұлттық автоөнеркәсібімен ынтымақтастық жасайды

«Шынайы қуанышпен біз осы қазақстандық көлікті қазақстандық университететіне тапсырып жатырмыз! Біз осылайша жас мамандарды ынталандырып, келешекте елімізді өркендететін дарынды өсіруге көмектесіп жатқанымызға сенімдіміз. Осы сыйлықпен Назарбаев Университетінің оқытушыларына да алғысымызды білдіреміз – біз қазіргі таңда қазақстандық жерде жоғары дәрежелі отандық көліктерді жасап қана қоймай, сонымен қатар жоғары дәрежелі отандық білім алуға мүмкіндік бар болғанын мақтан тұтамыз!», – деп мәлімдеді Андрей Лаврентьев, «Агромашхолдинг» АҚ бірге Қостанайда SsangYong оңтүстік корей жолдың сыртында жүретін көліктерді жинауды ұйымдастырған AllurAuto көлік компаниялардың тобының бас директоры. Ынтымақтастық туралы шешім жоғары оқу орны мен AllurAuto тобының басшыларымен білім саласы мен ғылыми-зерттеу жетістіктерінің ұлттық келешегін арттыру мақсатымен қабылданған.
Назарбаев Университетінің Атқарушы кеңесінің Төрағасының Орынбасары Қадиша Даирова мұндай бизнестің жауапкершілігін қоғам алдында көрсету экономиканың дұрыс және өркениетті болуының белгісі болып табылады деп айтты. Жоғары оқу орынның басшылығы AllurAuto үлгісінің арқасында, отандық авто өнеркәсібінің болашағы жарқын болатынына сенімділік білдірді.
Назарбаев Университетінің студенттері өндірістік тәжірибені топтың кәсіпорындарында өтеді, мамандықтарын көтереді және жаңа білім алады деп күтілуде. Оқу аяқталғаннан кейін, сәйкес машықтар мен білім деңгейін иеленген түлектер топтың кәсіпорындарында жауапты қызмет орнына үміттене алады. Назарбаев Университетіне сыйланған SsangYong Kyron жолдың сыртында жүретін көлік студенттердің білім арқылы сәттілікке жету ықыластарын ынталандыруға шақырады. AllurAuto басшылығының ойынша, мамандандырылған кадрлар Қазақстанның машина жасау өнеркәсібін дамытуға көмектеседі.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090