Назарбаев Университеті студенттеріне Энергожүйе және жоғары кернеу зертханасының жаңа құрал-жабдықтары қолданысқа берілді

19 маусымда Назарбаев Университетінде бірлескен «Энергожүйе және жоғары кернеу зертханасына» Alageum Electric компаниясынан құрал-жабдықтарды табыстау салтанаты өтті.

Білім беру алаңы болып табылатын зертхана Инженерия Мектебінің Electrical Engineering кафедрасы студенттерінің практикалық сабақтары үшін пайдаланылып, студенттерге электр энергиясын түрлендіру үшін арналған электромагниттік статистикалық құрылғылармен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік береді. Зертханада жинақталған Alageum Electric құрал-жабдығының құрамына: ТМГ-250/10 трансформаторының макеті, вакуумды ажыратқыш, май ажыратқыш трансформатор, кернеу трансформаторы, екі орамалы құрғақ үш фазалы трансформатор, тоқ трансформаторы кіреді.

«Nazarbayev University Research and Innovation System» жеке мекемесінің атынан Назарбаев Университеті мен Alageum Electric арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған Келісім аясында оқу, инновациялық және зерттеу қызметтерін дамыту, сондай-ақ энергетика саласындағы жас мамандарды кәсіптік даярлау деңгейін жоғарылату бағытында өзара ынтымақтастық жоспарланып отыр.

Назарбаев Университеті мен Alageum Electric ынтымақтастығының жарасқанына бір жылдан асты. Осы уақыттың ішінде университет профессорлары Шымкент және Кентау қалаларындағы зауыттарда болып, өндірістің технологиялық процестерімен танысып, сынақ алаңдарын көрді, өндіріс процесінде ұшырасатын мәселелер мен қиындықтар туралы ақпарат алды. Осы жылдың сәуір айында Инженерия Мектебінің профессоры Мехди Багери Alageum Electric қызметкерлері үшін екі күндік семинар өткізді. Назарбаев Университетінің студенттері Alageum Electric зауыттарында қазірдің өзінде тағылымдамадан өтуде.