Назарбаев Университеті Сингапур Ұлттық университетінің студенттер делегациясын қабылдады

2017 жылдың 25 маусым және 2 шілде аралығында Назарбаев Университеті (НУ)  Сингапур Ұлттық университеті (СҰУ)  STEER бағдарламасының қатысушылары (Білімді жетілдіру және тарту мақсатындағы оқу сапарлары) – 14 студентке арналған мәдени іс-шаралар мен корпоративтік сапарлар топтамасынан тұратын бағдарлама ұйымдастырды.

Сингапур Ұлттық университеті Назарбаев Университетінің стратегиялық әріптесі болып табылады. Бүгінгі күнге дейін Сингапурдың 60-тан астам студенті Қазақстанда болды, бағдарлама 2015 жылы Назарбаев Университетімен ынтымақтаса отырып іске қосылған болатын. Нәтижесінде СҰУ екі студенті  өтініш беріп Астанада бір айлық тағылымдаманы   сәтті аяқтады.

STEER – бұл білім алып жүргендерді лекциялар және түрлі объектілерді аралау арқылы, жылдам дамып келе жатқан өңірлердің экономикалық және әлеуметтік-мәдени аспектілермен таныстыруға арналған бағдарлама. 2017 жылы бағдарламаның негізгі тақырыбы: «Болашаққа салынған инвестициялар – жасыл экономика».  СҰУ студенттері Назарбаев Университеті профессорларының лекцияларына қатысты, министрліктерде, ұлттық компаниялар мен талдау орталықтарында болды, әртараптандыру және дамыту туралы, сондай-ақ олардың қоғамға әсері жайлы білді. Бағдарлама, сондай-ақ  Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне екі күн баруды қамтыған болатын.