Назарбаев Университеті Шымкент қаласында Ашық есік күнін өткізді

Бүгін Шымкент қаласында Назарбаев Университеті Ашық есік күнін өткізуде. Барлық келушілерге оқуға түсу, оқу және мамандықтар, түлектердің болашақ мансабы және кампустағы өмір туралы ақпарат алуға, сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу ізденістерін жүргізу және университетте студенттердің бос уақытын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысуға бірегей мүмкіндік беріледі.

«Биыл біз Шымкент қаласында Ашық есік күнін алғаш рет өткізіп отырмыз. Бұл іс-шараның мақсаты – болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналарына біздің университетке түсу және онда оқу жайлы ақпарат беру. Ол үшін біз шымкенттіктермен кездесуге барлық мектептердің бакалавриат бағдарламасының оқытушы-профессорлар құрамының, сондай-ақ НУ Дайындық орталығы мен Регистратор офисінің өкілдерін алып келдік», – деп атап айтты Қадиша Даирова, Назарбаев Университетінің Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президенті. Оның айтуынша, 2014-2015 оқу жылына талапкерлерді тіркеу биылғы жылдың қараша айында басталған, ал наурыз айында университет тікелей түсуге үміткерлерді және басқа жоғары оқу орнынан ауысқысы келетіндерді тіркеуді  бастайды.

Қонақтарға таныстырылымды Астанадан келген Университет оқытушылары өткізді, олар НУ-дың барлық мектептерінің (инженерия мектебі, ғылым және технологиялар мектебі, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі) бакалавриатымен таныстырды, сондай-ақ қатысу үшін Назарбаев Университеті Регистратор офисі мен Университет алдындағы дайындық орталығының өкілдері шақырылды. 

Алдын ала жасалған есептеулер бойынша іс-шараға мыңға жуық адам қатысты. Қазіргі уақытта Назарбаев Университеті дәстүрлі түрде Қазақстан өңірлеріне барып, университетпен таныстыруды өткізуде. Осылайша, Шымкент қаласындағы Ашық есік күні қарсаңында таныстырылымдар желтоқсанның 4-6 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкенттен басқа, Түркістан және Кентау қалаларында өтті. Өңірлерге барудың кестесін университет сайынан көруіңізге болады.

apkecm.nu.edu.036914

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:

010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, 1115 каб.

+7(7172)706091, 706087, 706089, 706090.