Назарбаев Университеті Қытай Халық Университетімен студенттермен алмасу туралы келісімге қол қойды

2018 жылдың 7-8 маусым аралығында Назарбаев Университеті Профессор Ву Сяоцю басқаруымен келген Қытай Халық Университетінің делегациясын қабылдады.

Профессор Ву Сяоцю VII Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумының «Университеттермен қолданылатын үздік тәжірибелер» сессиясында баяндамашылардың бірі болды, сонымен қатар Назарбаев Университетінің басшылығымен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар студенттер алмасу туралы келісімге қол қойды, бұл студенттерге серіктес университеттегі академиялық семестрде оқуға мүмкіндік береді.

2015 жылдан бастап, тараптар жоғары деңгейде бірқатар сапарлармен алмасты және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Екі жыл қатарынан 30 оқушыға (әр жағынан 15 студент) бірлескен мәдени бағдарлама өткізілді. Биылғы жылы қатысушылар Бейжіңге, Сучжоуға (ҚХР) және Астана қаласына (Қазақстан) барады. Мұндай бағдарламалар мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесін береді, студенттерді Қытай мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстыруға бағытталған.

Қытай Халық университеті (1937 жылы құрылған) – гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға бағдарланған әртараптандырылған, ғылыми бағдарланған университет. Университет сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық технологиялар және экологиялық ғылымдар бойынша бірнеше курстарды ұсынады. Қытай Халық университеті әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды базасы болып табылады және көптеген беделді ғылыми-зерттеу және талдау орталықтарына ие.