Назарбаев Университеті Қырғызстан мұғалімдері және оқытушыларымен тәжірибе бөлісті

2018 жылдың 9-11 тамыз аралығында, Қырғызстанның Ош қаласында Назарбаев университеті ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушылары үшін тәжірибелік тренинг өткізді.

Үш күннің ішінде 90-нан астам оқытушы ағылшын тілін оқыту әдіс-тәсілдерінің келесідей аспектілерімен танысты: (1) сабақты жоспарлау; (2) сынып ішінде оқу үрдісін басқару; (3) оқушыларға кері байланыс беру; (4) грамматиканы үйрету; (5) жаңа сөздерді үйрету; (6) тыңдау қабілетін жетілдіру; (7) оқу қабілетін жетілдіру; (8) сөйлеу қабілетін жетілдіру; (9) жазу қабілетін жетілдіру.

Қатысушылар тренинг тақырыбының өзектілігін және мазмұнын, тренерлердің оқыту мәнерін, сонымен қатар олардың берген сабақтарын кезең-кезеңмен талдаудың тәжірибелік маңыздылығын жоғары бағалады.

Тренингті екі жыл бойы Қазақстан Республикасының мұғалімдерінің біліктілігін арттырумен айналысып келе жатқан жоғары білікті жаттықтырушылар өткізді. Олардың қатарына «Болашақ» бағдарламасының, Ұлыбритания және АҚШ университеттерінің түлектері, TESOL сертификаттарының иегерлері және ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудан көпжылдық тәжірибесі бар мамандар кіреді.

Тренинг соңында қатысушалар мен ұйымдастырушылар мұғалімдердің біліктілігін арттыру аясындағы әріптестікті жалғастыруға, сонымен қатар екі ел арасындағы білім беру тәжірибесімен алмасу шараларына ниеттілігін білдірді.