Назарбаев Университеті өзінің жаңа студенттерін құттықтайды

2018-2019 оқу жылына қабылданған  Назарбаев Университетінің студенттері 2018 жылдың 6 тамызында Университетке оқуға келді. Оқуға түскен студенттердің жалпы саны - 1485, олардың ішінде университет алдындағы дайындық бағдарламаларына – 705, бакалавриат бағдарламаларына – 265, магистратура бағдарламаларына – 474  және докторантура бағдарламаларына – 41 студент оқуға түсті.

Өзінің жыл сайынғы сөзінде Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу жаңа студенттерді шабыттандырды:

«Сегіз жыл бұрын, бірінші рет,  күні кеше ғана, алғашқы түлектеріміз  болған студенттер Назарбаев Университетінің табалдырығынан аттаған еді. Оларды белгісіз жаңа мүмкіндіктер мен жаңа қиындықтар күтіп тұрған еді, сіздерді де олар күтіп тұр, бірақ бүгінгі күні барлық академиялық және әкімшілік персоналдың керемет тәжірибесі бар, сондықтан сіздерге НУ әлеміне бейімделуге оңай болады. Біздің айтқанымыздай, мың шақырымдық сапар бір қадамнан басталады, сіздер алғашқы қадамдарыңызды жасадыңыздар – Назарбаев Университетінің студенттері болып атандыңыздар. Бұл сіздің өміріңіздің ұзақ жолындағы маңызды кезең болып табылады».

Естеріңізге сала кетейік, Назарбаев Университетінің кампусында студенттерге оқу мен өмір сүруге ғана емес, сондай-ақ достар табуға, көңіл көтеруге, спортпен шұғылдануға немесе өздерінің мақсаттарына жету жолында сүйікті хоббимен айналысуға мүмкіндіктер жасалған. Назарбаев Университеті заманауи оқу кабинеттерімен және зертханалармен, жайлы жатақханалармен және студенттік өмірді  қамтамасыз ету мен жеңілдетуге қажетті көптеген басқа да заттармен жабдықталған.