Назарбаев Университеті өз жобасын Microsoft Imagine Cup чемпионатында ұсынады

«NU сынып бөлмесі 2.0.» жобасының миссиясы студенттерді оқу барысында интерактивтік технологияларды қолдануға баулиды. Microsoft технологиясын, оның ішінде Windows 8, Kinect, Microsoft Tag, Windows Azure және Windows Phone құралдарын қолдана отырып, команда орта және бастауыш мектептері үшін инновациялық білім беру бағдарламасын ойлап тапты. Жүйе академиялық оқыту және оқушыларды бағалау модулін, сондай-ақ дене шынықтыру модулін қамтиды. Жобаның авторлары осы интерактивтік ойындар, әріптестік конкурстар, қарым-қатынастар, сондай-ақ білім саласындағы дене шынықтыру сабақтары оқушының оқуға деген қызығушылығы мен зейінін арттыратын болады деп сенеді.
Назарбаев Университеті Ғылым және технологиялар мектебінің докторы Бен Тайлердің басшылығымен команда Назарбаев Университетінің жобасын 26 сәуірде Алматыда өтетін Microsoft Imagine Cup қазақстандық финалда ұсынатын болады.
Microsoft Imagine Cup студенттер арасындағы ірі халықаралық конкурс болып табылады. Ол 2003 жылдан бастап түрлі елдерде Microsoft-тың бастамашылығымен өтеді. Осы уақыт ішінде 1,5 млн.-ға жуық адам оның қатысушысы болып үлгерді. Конкурсқа қатысушылар өздерінің шығармашылық ойларын барынша пайдалана отырып, «Технологиялардың көмегімен күрделі мәселелер шешілетін дүниені таныстыру » тақырыбындағы конкурстың девизіне жауап беретін технологиялық шешімдерді ойлап табулары қажет.

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz