Назарбаев Университеті мен Рединг Университеті арасындағы ынтымақтастық

Назарбаев Университетінде Жоғары оқу орындарында ұтқырлық бағдарламасы аясында 2018 жылы 2- 6 Сәуір аралығында Рединг Университетінің Фармация мектебінің, профессоры В.В. Хуторанский дәріс оқыды.

Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің және Ғылым және Технологиялар мектебінің қызметкерлері келесі тақырыптар бойынша дәрістерге қатысты: Көзге тамызылатын дәрілік заттардың өткізгіштігін жоғарылату; Полимерлік гидрогельдер: синтезі, қасиеттері және биомедициналық қолданылуы; Полимерлі-полимерлік кешендер: нанобөлшектер, ерітінді қабықшалар, көпқабатты жабын және капсулалар.

2016 жылдың қаңтарында Назарбаев Университеті мен Рединг Университеті арасында жоғары оқу орындарында қызметкерлердің ұтқырлығына қатысты Erasmus + KA107 келісіміне қол қойылғаны туралы еске саламыз. 2018 жылдың 16 сәуірінен бастап алты апта бойы Назарбаев Университетінің тоғыз кіші қызметкерлері Профессор В.В. Хуторянскидің лабораторияларында оқытылып, ғылыми зерттеулерге қатысып келді.