Назарбаев Университеті мен Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шартқа қол қояды

Назарбаев Университеті мен оның Жоғары мемлекеттік саясат мектебі бойынша стратегиялық серіктесі – Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шартқа қол қояды. Осылайша, Ли Куан Ю мектебі Назарбаев Университетімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы ниетін растады.

2012 жылғы 2 тамызда Сингапур қаласында (Сингапур) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы мен Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің арасындағы ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісімге қол қойылады. Келісімге Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, Сингапур Ұлттық Университетінің Президенті Профессор Тан Чор Чуан, сондай-ақ Ли Куан Ю Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Деканы Профессор Кишор Махбубани қолдарын қояды.

Келісім Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің академиялық даму, адами ресурстарын, академиялық қызметкерлер құрамы мен инфрақұрылымын дамыту жөніндегі коснультациялық әрі білім беру қызметтерін көрсету мәселелерін қозғайды. Қазіргі таңда осы келісімнің шеңберінде 2017 жылға дейін бірлескен іс-шаралар жобасы әзірленді. Сонымен, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебімен ынтымақтастықта 2013 ж. «Мемлекеттік саясат магистрі», ал 2015 ж. «Мемлекеттік басқару магистрі» мамандықтары бойынша академиялық бағдарламаларын іске қосады.

Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі бойынша стратегиялық әріптесі болып табылады. Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің қатысуымен Назарбаев Университетінде екінші жыл бойы мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, 1115 каб.
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz