Назарбаев Университеті мен Intel корпорациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

27 тамыз күні Назарбаев Университеті мен Intel корпорациясын арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу мырза мен Intel корпорациясының Қазақстан, Орталық Азия және Закавказье елдерінің аймақтық директоры Дмитрий Кисель қол қойды.  
«Бүгін Назарбаев Университеті тобының кезекті қатысушы және жаңа серіктес – Intel жаһандық компаниясымен толыққанын қуана хабарлаймын. Бұл әріптестіктің аясында біздің студенттерімізге, оқытушыларымыз  бен ғалымдарымызға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Біз: «Intel енді бізде!» – деп мақтанышпен айта аламыз, – деп мәлімдеді Назарбаев Университетінің  Президенті  Шигео Катсу мырза.  

Қол қойылған келісім аясында Назарбаев Университетіне аппараттық, бағдарламалық және әдістемелік шешімдерді қамтитын Intel® Education Solutions кешенді тәсілдемесін іске асыру барысында ақпараттық және техникалық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар Intel корпорациясы Назарбаев Университетіне жоғары өндірімді есептеулер (HPC  –  High Performance Computing) саласындағы тәжірибе алмасуда қолдау көрсетуге ниетті.

Қазақстан, Орталық Азия және Закавказье елдерінің Intel корпорациясының аймақтық директоры Дмитрий Кисель: «Intel дүние жүзі бойынша білім беру саласындағы көптеген бағдарламаларға қатысып, қолдау көрсетіп келеді, бұл кез келген мезетте түрлі жобалардың сәтті іске асырылуының мысалдарына жүгінуге мүмкіндік береді. Назарбаев Университетінің инновациялық білім беру ортасының дамуында корпорация тәжірибесінің қолданыс тапқанына аса қуаныштымыз және осы серіктестіктің табысты болатынына сенімдіміз!» – деп атап өтті.  

Назарбаев Университеті мен Intel-дің бірлескен жобалары бірінші кезекте Nazarbayev University Research & Innovation System орталығы мен Назарбаев Университетінде білімді, ғылымды, инновациялар мен индустрияны интеграциялау  үдерісінде негізгі кезең болып табылатын, инновациялық-зияткерлік кластердің бір бөлігі ретінде дамып келе жатқан университеттің ғылыми паркінің базасында жүзеге асырылатын болады.

apkecm.nu.edu.033271

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 1115 каб.
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz

Intel корпорациясының баспасөз қызметі
Ирина Пак, тел. +7 (727) 244-55-54, Irina.Pak@Intel.com
Михаил Рыбаков, тел. +7 (495) 641-4550, Mikhail.A.Rybakov@Intel.com
Мария Кибкало, тел. +7 (495) 641-4565, Maria.Kibkalo@Intel.com