Назарбаев Университеті Медицина мектебіне қызметкерлер алу туралы хабарландыру

Қазақстанның серпінді дамып келе жатқан орталығы – Астана қаласында 2014 жылы негізі қаланған Назарбаев Университетінің Медицина мектебі Биомедицина  ғылымы департаментіне нұсқаушылар қабылдайды. Биомедицина ғылымы, оның ішінде микробиология, жасуша биологиясы, фармакология, биохимия, иммунология, патология, генетика, анатомия,  популяциялық медицина және қоғамдық денсаулық саласында тәжірибесі  бар үміткерлерге өтініш беру ұсынылады. 

Табысты үміткерлерге қойылатын талаптар: MD және PhD дәрежесінің, немесе салыстыруға келетін ғылыми/кәсіптік дәрежелерінің; оқыту тәжірибесінің және/немесе ғылыми-зерттеу жұмыстары тәжірибесінің болуы. Сондай-ақ өте жақсы коммуникативтік дағдыларының болуы және ағылшын  тілін білу қажет. 

Питтсбург университетінің Медицина мектебімен ынтымақтастықта әзірленген Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУММ) Американың оқыту моделіне негізделген ағылшын тіліндегі оқу бағдарламасын ұсынады. Мектеп студенттердің алғашқы легіне өз есігін 2015 жылдың күзінен бастап ашады. НУММ миссиясы Қазақстанның, Орталық Азияның және қалған барлық әлем халқының денсаулығын жақсарту үшін ғылыми-зерттеу және академиялық салаларда және денсаулық сақтау саласында көшбасшылық орындарды иеленуге даярланған  клиникалық дағдылары бар және ғылыми-зерттеулерге бағдарланған дәрігерлердің жаңа буынын тәрбиелеу болып табылады. 

Нұсқаушыларға қойылатын талаптарға қатысты толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады:

http://nu.edu.kz/dc/APKECM.NU.EDU.036980

Басқа академиялық және әкімшілік бос орындар туралы хабарландырулар кейіннен ағымдағы жыл ішінде жарияланады. 

apkecm.nu.edu.037445