Назарбаев Университеті Медицина мектебін ашу үшін әріптес ретінде Питтсбург Университетінің Медицина мектебін таңдап алды

Питтсбург Университетінің Медицина мектебі Назарбаев Университетінде еліміздің денсаулық сақтау, медициналық білім мен биомедициналық зерттеулер саласындағы жаңа көшбасшылар болып танылған ғалым дәрігерлерді даярлайтын Медицина мектебін ашу үшін әріптес ретінде таңдап алынды.
 «Бұл біздің Медицина мектебіміз үшін денсаулық сақтау саласында жаһандық кеңістікте университеттің мақсаттарына жауап беретін білім беру саласындағы әріптестіктің елеулі үлгілерінің бірі болып табылады», – деп атап өтті Питтсбург Университетінің медицина докторы, медицина ғылымдарының бас вице-канцлері және Медицина мектебінің деканы Артур С. Левин.
 «Назарбаев Университеті Қазақстанның елордасында – Астана қаласында Медицина мектебін құру кезінде консультациялар мен техникалық қолдау алу үшін стратегиялық әріптесті іздеген болатын, – деді доктор Левин, – Назарбаев Университетінің Медицина мектебі НУ-дың бір бөлігі болып табылатын Ұлттық медициналық холдингтің клиникаларына жақын жердегі, студенттерге тәжірибелік база болып табылатын кампуста орналасатын болады», – деп жалғастырды доктор Левин. «Біз биомедицина саласындағы докторлар мен зерттеушілердің жаңа буынын даярлауға арналған американдық стильдегі оқу бағдарламасын құру үшін бар білім мен тәжірибемізді саламыз».
Питтсбург Университетінің Медицина мектебінің сарапшылары Назарбаев Университетіне медициналық оқу бағдарламасының базасын құру мен дамыту; академиялық басшылық құрам мен оқытушы-профессорлар құрамын жалдау және даярлау; ұйымдық және әкімшілік құрылымды, ережелер мен рәсімдерді жоспарлау; оқу бағдарламасын, сабақ жоспарларын құрастыру мен Ұлттық медициналық холдингтің клиникаларынан мамандарды тарта отырып клиникалық практиканы жүргізу мәселелері бойынша консультация беретін болады.
«Питтсбург Университетінің Медицина мектебімен ынтымақтастықта үздік дәрігерлерді даярлау мақсатында біз медициналық білімнің жаңа моделін құруды жоспарлап отырмыз», – деді НУ Президенті Шигео Катсу. «Біздің мақсатымыз Қазақстанда интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін құру, және соңында еліміздің басқа аймақтарында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін осы модельді тарату болып табылады».
Оқыту тілі ағылшын тілі болып табылатын Медицина мектебі 2015 жылдың күзінде ашылады деп күтіліп отыр. Талапкерлер американдық медицина мектебінің, оның ішінде премедицина дайындық бағдарламасы мен Medical College Admissions Test мамандандырылған емтиханның талаптарына ұқсас талаптарға сәйкес болулары тиіс.
Қазақстан Назарбаев Университетінде Өмір туралы ғылымдар орталығы мен Энергетикалық зерттеулер орталығының ғалымдары мен зерттеушілеріне қысқа мерзімді тренингтерді жүргізу арқылы Питтсбург Университетін биомедицина саласына 2011 жылғы маусымнан бастап тарта бастаған болатын.
Бірлескен ынтымақтастық 2012 жылғы шілдеде кеңейтілді, Питтсбург Университетінің Медициналық Орталығы (UPMC) Назарбаев Университетін отандық онкология мен 300 орынды, амбулаториялық көмекті, ғылыми зерттеулерге арналған база мен қонақ үй кешенін қамтитын госпиталі бар зерттеу орталығының құрылысын дамытуға қолдау көрсету ретінде таңдап алған болатын.

apkecm.nu.edu.031396

Назарбаев Университетінің  Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706087, 706089, 706191, 706618
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz