Назарбаев Университеті кітапханасының Ашық есік күні

Бұған қоса, 2011 жылғы желтоқсанның 27 – 29 аралығында тіркелген қатысушыларға арналған дәрістер мен оқыту семинарлары өткен болатын. Бұл іс-шара Астана қаласының жоғары оқу орындары мен қалалық кітапханалары қызметкерлерінің басын қосты.
Назарбаев Университетінің кітапханасы 2010 жылдың күзінде ашылды. Біздің кітапхананың кітап қоры әр апта сайын жаңа басылымдармен, оған қоса оқу дисктерімен, мерзімдік басылымдармен және анықтамалық ақпараттармен толығып отырады. Сонымен қатар, кітапхана көптеген электронды мәлімет қорларына жазылған.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090