Назарбаев Университеті КазГЮУ-мен бірлесе отырып академиялық адалдық мәселелері жөнінде конференция ұйымдастырды

2018 жылғы 18-19 мамырда Назарбаев Университеті және М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Жоғары экономика мектебі бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Назарбаев Орталығында Академиялық адалдық және Интернационалдандыру тақырыбында үшінші жыл сайынғы конференцияны өткізді.

Конференцияның мақсаты озық тәжірибелермен алмасу үшін платформа құру, академиялық адалдық мәселелері бойынша  теориялық және эмпирикалық зерттеулердегі проблемалық мәселелер мен соңғы жаңалықтарды талқылау мен бөлісу болып табылады.

Конференцияның жұмысына Қазақстаннан, Грециядан, Австралиядан, Ресей Федерациясынан, АҚШ-тан және басқа да көптеген елдерден келген ғалымдар, жас зерттеушілер, практиктер, магистранттар және қазақстандық және халықаралық университеттердің түлектері қатысты.

Конференцияның негізгі тақырыбы – «Академиялық адалдық және интернационалдандыру».  Студенттердің халықаралық ұтқырлығы, трансұлттық білім беру бағдарламаларын тарату және ғылыми зерттеулер арасындағы бәсекелестіктің өсуі  жоғары білім берудің жаһандық кеңістігін кеңейтуге және ырықтандыруға әкелді. Бұл жаһандық жоғары білім беру кеңістігі сондай-ақ жаңа технологиялармен ауыстырылады. Интернационалдандыру және технологиялық трансформация академиялық адалдық тәжірибесіне қауіп төндіреді. Осы динамикалық контекстен көптеген маңызды мәселелер туындайды: түрлі елдерде академиялық адалдықтың ортақ құндылықтары мен тәжірибесін қолдау; трансұлттық білім берудегі жоғары сапа стандарттарының сабақтастығын қамтамасыз ету; және академиялық адалдықты арттыру үшін технологияларды қолдану (кейбіреулер адалдық ережелерін бұзған студенттердің технологияларды теріс пайдалануын болдырмау үшін). Осы және басқа да көптеген маңызды академиялық адалдық және интернационалдандыру саласындағы теориялық және практикалық мәселелер конференцияға қатысушылардың басты назарында болды.

Назарбаев Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты Лоретта О’Доннелл конференцияны ашу барысында: «Бүгінгі күні Назарбаев Университеті жоғары білім беруді интернационалдандыру мағынасына қайта  мән беру, оның ішінде шетелдік студенттердің әлеуетті болашақ рөлін айқындау  үдерісінде екендігін» атап өтті. Үздіксіз оқытуды енгізу дегеніміз бұл академиялық адалдықты сақтау мәселелерінің бұрынғыға қарағанда одан да өзекті болатынын білдіреді. сыған орай  академиялық адалдықты ұстанатын ЖОО-лар алдында біздің барлық ғылыми бастамаларымыз бен еңбектерімізде адалдықты көтермелеу үшін қажетті құралдар мен дағдыларды оқытушыларға және студенттерге беру міндеті тұр. Бұл ретте студенттер академиялы тұтастық үшін жалпы күресте одақтас ретінде қосылулары тиіс» деп атап өтті. 

Конференцияда негізгі спикерлер ретінде Александр Моррисон – тарих ғылымдарының профессоры, Оксфорд университеті Нью-колледжінің оқытушысы/тьютер және мүшесі, Майя Чанкcелиани – Оксфорд университетінің Салыстырмалы және халықаралық білім кафедрасының доценті және  Қасиетті Эдмунд орталығының ғылыми қызметкері, Шигео Катсу – Назарбаев Университетінің Президенті, Эндрю Вахтель – Нархоз Университетінің ректоры, Талғат Нәрікбаев – М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің ректоры және т.б. сөз сөйледі.

Шетелдік сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары академиялық стандарттарды ілгерілетудегі халықаралық тәжірибемен алмасты, Қазақстандағы жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдістеріне қатысты пікірлерімен бөлісті, академиялық адалдықтың қалыптастырылуы мен дамуына технологиялардың ықпал ету мәселелерін талқылады, зерттеулер жүргізу кезінде этиканы сақтаудың маңыздылығын атап өтті, трансұлттық бағдарламаларында академиялық стандарттарды қамтамасыз ету маңыздылығын көрсетті, сондай-ақ интернационалдандыру тұрғысынан академиялық адалдық құндылықтарының міндеттерін белгіледі.