Назарбаев Университеті инклюзивтілік, тең мүмкіндіктер және әлеуметтік жауапкершілік принциптерін ұстанады.

Назарбаев Университеті инклюзивтілік, тең мүмкіндіктер және әлеуметтік жауапкершілік принциптерін ұстанады. НУ тек қана өз студенттері мен қызметкерлері үшін тең мүмкіндіктер жасаумен қатар, жергілікті қоғамдастықта әлеуметтік жауапкершілікті ынталандырады.

Осымен екінші рет, Назарбаев Университетіне көруі бойынша қиындықтары бар студенттер түсуде. 2010 жылы Назарбаев Университетінің Кітапханасы көру бойынша қиындықтары бар пайдаланушылары үшін ұлғайтқыш лупа және “оқырман машинанысымен” жабдықталған болатын. 2015 жылы Назарбаев Университеті магистратура бағдарламасына бірінші мүгедек студент Зият Абдыкаимов оқуға түсті. Студенттің қажеттілігіне орай, Назарбаев Университетінің Кітапханасына тифлокомплекс, арнайы жабдықтармен және нашар көретін және көзі көрмейтін пайдаланушыларға арналған бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютер сатылып алынды. Нәтижесінде, бұл студенттің кез келген ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі таңда Зият, НУ Кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету қызметінің Эксперт-менеджері болып еңбек етеді, ол ерекше қажеттілігі бар талапкерлердің сұрақтары мен мәселелері бойынша оқытушылар мен студенттерге кеңес береді.

Тағы бір студенттің бірі, 2017 жылы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистратура бағдарламасына түскен Қасиет Омарова болды. Қасиет – негізгі қызметі мүгедектігі бар адамдарды қорғау болып табылатын, қоғамдық қорының негізін қалаушысы. Қасиеттің айтуы бойынша, 23 жасында көру қабілетінен айырылып, аспирантурадағы оқуын аяқтауға мүмкіндігі болмаған. Қазіргі таңда Қасиеттің Назарбаев Университетінде Мемлекеттік саясат бойынша PhD дәрежесін алуға мүмкіндігі бар. Университет кітапханасының бай қоры мен мүмкіндіктерінің арқасында, көру мүгедектігі бар студенттерге көркем, ғылыми, бизнес бойынша әдебиеттер мен оқулықтарды тек ағылшын тілінде ғана емес, сонымен қатар қазақ және орыс тілдерінде де  тыңдауға барлық мүмкіндіктер жасалған.

Назарбаев Университеті студенттердің бастамаларын да қолдайды. Осылайша,  2017 жылдың екінші жартысында университет аумағында “Kunde” әлеуметтік кафесі өз есігін ашады, бұл жобаның негізгін қалаушылардың бірі Назарбаев Университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің студенті – Мәулен Ахметов.  “Kunde” әлеуметтік кафесі ерекше қажеттілігі бар адамдарды оқытады және жұмыспен қамтиды. Бұл жоба басталғалы бері 20 маман оқытылып, оның ішінде 15 адам жұмыспен қамтылды.