Назарбаев Университеті Халықаралық балалар кітабы күнін атап өтті.

2018 жылдың 10 сәуірінде Назарбаев Университеті кітапханасында  “Ақкөл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 балалар үйі”КММ-сінің 20 баласы мен Астана қаласының аз қамтылған отбасылврдың  20 балаларына  Халықаралық балалар кітабы күніне арналған «Ертегілер өмір сүрсін» атты мерекелік іс-шара болып өтті. 

Мереке аясында балалар ойынға белсене қатысып, жұмбақтарды шешіп, ағылшын тілінде «Қызыл телпек» көрінісін көрсетті және әр балаға сыйлық ретінде кітап берілді.

Мереке  Университеттің атриумында  NU Club Art for Charity клубы студенттерінің ертегі кейіпкерлері туралы әңгімелері мен  әдемі аквагрим салумен  жалғасты және ұмытылмас фотосессия ұйымдастырды. НУ Кітап клубы студенттерімен бірге балалар ертегі кейіпкерінің бейнесін салып, өздерінің  суреттер көрмесіне қатысты.

Одной из почетных гостей праздника стала Дина Ораз, известная детская писательница, которая подарила самым активным участникам свою книгу.

Құрметті қонақтардың бірі, танымал балалар жазушысы – Дина Ораз ең белсенді қатысушыларға өз кітаптарын сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, «Халықаралық балалар кітабы күні» бүкіл әлемдегі мектептер мен кітапханаларда 50 жыл бойы атап өтіліп келеді. Балалар кітабының күнін атап өту аясында кітапхана қызметкерлері мен Назарбаев Университетінің студенттері Жоғары білім беру мектебінің оқытушылары жыл сайын балалар үйінің тәрбиеленушілерін және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды шақырады.