Назарбаев Университеті Гонконг политехника университетімен (PolyU) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2017 жылы 19 шілдеде Назарбаев Университеті  Гонконг политехника университетінің (PolyU) делегациясын қабылдады. Делегацияны PolyU Президенті, профессор Тимоти Тонг басқарып келді.

Екі тарапты кездесудің нәтижесінде Назарбаев Университеті және PolyU таңдаулы практикалармен, ұтқырлықпен, бірлескен зерттеулермен және жобалармен алмасуда одан арғы ынтымақтастыққа қолдау көрсету мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандумға қолдарын қойды.

Екі университеттің де бірлескен жазғы мектебі жұмыс істейді, оның жұмысы қазірдің өзінде 2-27 шілдеде Қытай мен Қазақстанда және үш күндік бағдарлама бойынша Астанада өтіп жатыр. Басқа да бірлескен жобалар бүгінгі таңда талқылау және әзірлеу сатысынан өтуде.

Назарбаев Университетімен қатар PolyU Жаңа Жібек жолы университеттер альянсының (UASR) мүшесі болып табылады, оның қызметі Жібек жолы бағытында орналасқан университеттер арасында өзара байланыстар мен ынтымақтастықты  дамытуға бағытталған.

PolyU 80 жыл бойы өңірдегі және әлемдегі экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сәйкес дамып отырды. Инновациялық білім беру мен жаңашыл зерттеулер QS университеттер рейтингісіне сәйкес PolyU-ге топ 30 таңдаулы Азия университеттерінің қатарына және топ 100 таңдаулы әлем университеттерінің қатарынан орын алуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда PolyU инженерия, құрылыс және қоршаған ортаны қорғау, қолданбалы ғылым және текстиль, дизайн, бизнес, денсаулық сақтау,  медбике ісі, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, қонақүй және туристік  менеджмент саласында 160-тан астам білім беру бағдарлама ұсынып отыр.